text
stringlengths 347
53.1k
|
---|
'''Уақыт''', кептеген спорт түрлерінде Уақыт маңызды міндет атқарады. Кептеген спорт түрлерінде жүру, жүгіру, жүзу, велосипед спорты, қайық есу т.б. алған орындар көрсеткен уақыты есепке алынады. Уақыт жеке және ұжымдық көрсеткіштер болып бөлінеді. Жеке уақытқа бір спортшының көрсеткен уақыты, ал командалық есепте ұжым мүшелерінің барлығының керсеткен уақыттары қосылып есепке алынады. Рекордтық уақыт деп белгілі бір географиялық аумақта (ауданда), облыста, республикада, құрлықта, әлемдегі ең жоғары уақыттың шегі алынады. Кейбір спорт түрлерінде адамның мүмкіншілігіне қарай шеберлік деңгейі белгіленеді. Мысалы, спорттық дәрежелер СШ-і, ХДСШ-і, еңбек сіңірген СШ-і атану, Олимпиялық ойындарға жолдама алу үшін белгілі бір уақыттың шегін көрсету керек. Барлық спорт ойындарында дерлік бә секе белгілі бір уақыт аралығында өтеді. Мысалы, футбол арасында 15 мин. үзіліс бар 45+45 небері таймнан тұратын 90 мин. уақыт ішінде өтеді. Басқа баскетбол, хоккей, гандбол т.б. өздеріне сәйкес уақыттары бар. Сол сияқты айып ұпайын соғуға (лақтыруға), спортшыларды уақытша ойыннан шығаруға т.б. арнайы уақыт бөлінеді. Бұлар жарыс ережелерінде көрсетілген. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Сергей Кириллович Уфимцев''' (1921, Ресей, Алтай Республикасы Усть-Кан ауданы Черный Ануй селосы 14.4.1944, Днестр өзенінің бойында) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, 387-сапер батальонының бөлім командирі. Орыс. Алматыда құрылыс істеріне қатысты. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылдың басында майдандық өмірі басталды. 213-атқыштар дивизиясы кескілескен ұрыстар жүргізе отырып, Днепрге жақындай түсті. Уфимцевке қарсы беттегі жағалауды барлауға бұйрық берілді. Саперлер жағалауды минадан шапшаң әрі іскерлікпен тазартып, Кеңес әскерлерінің Днепрге шығуын ойдағыдай қамтамасыз етті. Жаяу әскер мен жауынгерлік техниканы өткелден толассыз өткізудің арқасында дивизияның Днепрдің оң жағалауындағы плацдармды басып алуына мүмкіндік жасалды. Сапер Уфимцевтің Днепрдің оң жағалауындағы ерліктері үшін оған КСРО Жоғарығы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (26.10.1943). Сондай- ақ Уфимцев «Қызыл Жүлдыз» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Мирослав Тырш''' (1832-1884), филология ғылымдарының докторы жазушы және әдебиет сыншысы Париждің бейнелу өнері университетінің профессоры. 1861 ж. "Қыран" гимнастикалық қоғамын ұйымдастырған жене оның бірінші басқарушысы болған. Тырш "гимнастиканың негіздері" кітабында жарияланған. "Қырандардың" шығармашылық ережесін жазған (1872 ж). Чехтардың гимнастикалық терминологиясын жасаған, 1871 ж. бастап "Қыран" журналын шығарған. Гимнастиканың эстетикалық тербиелік мәні" шығармасын жазған. == Дереккөздер == Санат:Ғылым докторлары Санат:Чехия спортшылары |
'''Тарих-и Қыпшақи''', «Тарих-и Кипчак-хани», «Тарих-и Кыпчак» 15 18 ғасырларда қазақ даласында болған оқиғаларды баяндайтын тарихи шығарма. Оның авторы Қыпшақ хан, әдетте оны Ходжамкули-бек Балхи деп атаған. Еңбек кіріспе мен тараудан (кейбір деректерде тараудан) және қорытындыдан тұрған. Онда бұған дейінгі деректерде қамтылмаған Қазақ хандығының ертедегі тарихы баяндалады. «Тарих-и Қыпшақи» тек қолжазба күйінде сақталған. Оның жекелеген үзінділері «15 18 ғасырлардағы ''Қазақ хандығының'' тарихы туралы материалдар» атты еңбекте жарияланды. «Тарих-и Қыпшақидың» В.Г. Тизенгаузен аударған тараулары жарық көрген жоқ. Ол қазір Шығыс архивінде сақтаулы. ''Әдебиет'': Тагирджанов А., Описание таджикских персидских рукописей, Л., 1962; Материалы по истории казахских ханств XV XVІІІ веков, А.-А., 1969. ==Сілтемелер== Санат:Тарих |
right '''Ущев Борис Петрович''' (31.3. 1915, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 13.3.1996, Ресей, Санкт-Петербург қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, 1-гвардиялық дивизиясы торпедалық катерлер отрядының командирі. Орыс. Орта мектептен кейін 1939 жылы Жоғары әскер-теңіз флоты училищесін бітіріп, 1939-40 жылы Кеңес-фин соғысына қатысты. Ущевтің қол астындағы торпеда катерлері неміс басқыншыларының үрейін алды. Балтық флотының маңызды жауынгерлік операцияларында Ущев басқарған торпеда катерлері звеносы отряды соғыстың аяғына дейін белсенділік танытты. 1941 жылы 28-29 тамызда Кеңес флоты Таллиннен Кронштадтқа бұзып өткен кезінде Ущевтің звеносы «Максим Горький» крейсерін күзетуді сенімді атқарды. 27 қыркүйекте Сарем аралының My шығанағында Ущевтің торпеда катерлері «Кельн» крейсерін және жаудың үш эсминецін суға батырып жіберді. Соғыстың аяқ шенінде капитан Ущев басқарған торпедалық катерлер дивизионы Данциг портына басып кірді. Кеңестік торпеда катерлері осы порттан үздіксіз әрекет жасап, жаудың ең соңғы қатынас жолын істен шығарды. Шығыс Пруссияда жаудың екі ірі транспорты мен екі десант баржасын ержүрек капитан суға батырып жіберді. Осы көрсеткен ерліктері үшін Ущевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (22.8.1944). 3-рет Қызыл Ту, 1-дәрежелі 3-рет Отан соғысы, «Қызыл Жүлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:31 наурызда туғандар Санат:1915 жылы туғандар туғандар Санат:13 наурызда қайтыс болғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1 рангті капитандар (КСРО) Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ушаков орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы теңізшілері зиратында жерленгендер |
кубогының иегері Бақтияр Артаев '''Вел Баркер кубогы''' (''ағыл. Val Barker Trophy'') 1936 жылдан бастап Олимпиада ойындарының ең техникалы боксшысына берілетін жүлде. Кубок ағылғын боксшысы, Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының алғашқы құрметті хатшысы Вел Баркер құрметіне 1920 жылы тағайындалған. Кубок АИБА-ның жекеменшігі болып табылады және Олимпиада ойындарында алған орынына қарамастан ең мықты техника көрсеткен боксшыға табыс етіледі. Жеңімпазға Куботың көшірмесі және АИБА-ның Дипломы беріледі. Кубок жарыстар біткеннен соң, бір күннен кейін, арнайы церемония барысында, АИБА мүшелері және шақырылған қонақтар көзінше табыс етіледі. Церемонияға Кубокқа үміткер болған барлық спортшылар шақырылады. Кубокқа жеңімпаздың есімі, өнер көрсеткен салмағы, елі және Олимпиада өткен қаланың атауы қашалып жазылады. Кубок иегері Кубокты өз елінің Ұлттық бокс федерациясына келесі Олимпиада ойындарына дейін сақтауға өткізеді. Ұлттық бокс федерациясы АИБА-ға Кубокты қауіпсіздікті сақтау жөнінде кепілдеме береді және АИБА-ның есепшотына кепілдік ретінде ақша аударады. Келесі Олимпиада ойындары басталуына кем дегенде жеті күн қалға дейін Кубок Олимпиада өтетін қалаға, АИБА-ның Атқарушы комитетінің мүшелеріне жеткізілуі керек. Кубок иегері АИБА тарапынан келесі Олимпиада ойындарына құрметті қонақ ретінде шақырылып, Кубокті келесі боксшыға табыстау рәсіміне қатысады. Егер Кубок қатарынан үш рет бір елдің бокшылары алса, онда Кубок сол елдің Ұлттық бокс федерациясының меншігіне өтеді. ==Вел Баркер кубогың иеленген қазақстандық спортшылар== АИБА атқарушы директоры Хо Ким және Серік Сәпиев *1996 жылы АҚШ-тың Атланда қаласында өткен Олимпиада ойындарында жартылай орташа салмақта (81 кг) өнер көрсеткен Василий Жиров бокс әлемінде құрметтелетін Вел Баркер кубогын жеңіп алды. *2004 жылы Грекия астанасы Афина қаласында өткен Олимпиада ойындарында 1-ші орташа салмақта (69 кг дейін) өнер көрсеткен Бақтияр Артаев Баркер кубогын жеңіп алды. *2012 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен олимпиада ойындарының нәтижесі бойынашы Серік Сәпиев Баркер кубогына лайық деп танылды. == Вел Баркер кубогының иегерлері == '''Жылы''' '''Қала''' '''Боксшы''' '''Елі''' '''Салмақ дәрежесі''' '''Медаль''' 1936 Берлин Луис Лори ең жеңіл салмақ Қола 1948 Лондон Джордж Хантер 25px ЮАР жартылай ауыр салмақ Алтын 1952 Хельсинки Норвел Ли жартылай ауыр салмақ Алтын 1956 Мельбурн Ричард МакТэггерт жеңіл салмақ Алтын 1960 Рим Нино Бенвенути 2-ші жартылай орташа салмақ Алтын 1964 Токио Валерий Попенченко 2-ші орташа салмақ Алтын 1968 Мехико Филип Варуинге жартылай орташа салмақ Қола 1972 Мюнхен Теофило Стивенсон ауыр салмақ Алтын 1976 Монреаль Говард Дэвис жеңіл салмақ Алтын 1980 Мәскеу Патрицио Олива 1-ші жартылай орташа салмақ Алтын 1984 Лос-Анжелес Пол Гонсалес ең жеңіл салмақ Алтын 1988 Сеул Рой Джонс жартылай орташа салмақ Күміс 1992 Барселона Роберто Баладо ауыр салмақ Алтын 1996 Атланта Василий Жиров жартылай ауыр салмақ Алтын 2000 Сидней Олег Саитов орташа салмақ Алтын 2004 Афины Бақтияр Артаев 1-ші орташа салмақ Алтын 2008 Бейжің Василий Ломаченко жартылай жеңіл салмақ Алтын 2012 Лондон Серік Сәпиев 1-ші орташа салмақ Алтын == Тағы қараңыз == *Бақтияр Артаев *Василий Жиров *Серік Сәпиев == Дереккөздер == Санат:Бокс |
'''Туристік эмблема''' (гр. ''emblema'' қосымша, рельефті әшекей ұғымында), туристік немесе оның кейбір жеке түрлерін сипаттауға арналған нышандар көбінесе қағаз бетіне елде қағаз матаға бейнеленіп салынады. Туристік эмблема белгілері туристік жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздарына беріледі; қызмет бабына орай клуб, ұйым мүшелеріне берілетін арнайы белгілер, әдетте киімнің жеңіне тігіледі. Оның сувенирлік түрлері иегердің саяхатқа қатысқанын, кептеген қалалар мен туристік базаларда болғанын, еске салады. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Туристер базасы''', туристерге, қызмет көрсетуге, тамақ ішулеріне, оларды орналастыруға арналған құрылыс кешені. Алғашқы туристік база Алматы маңындағы Күйгенсай ("Горельник") Шатқалында 1936 ж. ашылған болатын. 01. 06. 2009 ж. республикада туристік базасы болды. Солардың ішінде Қарағандыда "Қарқаралы", Павлодарда "Баянауыл", Көкшетауда "Алтын қарағайлы орман", Алматы облысы "Алматау", Батыс Қазақстан облысы "Орал", Түркістан облысы "Оңтүстік", Шығыс Қазақстан облысы "Алтай шығанағы", Қостанай облысы "Орманды", Апматы қаласы Алматы туристік базасы демалушыларды қабылдады. Барлық туристік базасында жылына 68 мыңға жақын туристік демалып жорықтарға қатысты. Барлық туристік базасында 677 жаяу жүруге арналған туристік маршруттар 600 сулы, 830 велосипедшілер 680 шақырымдық қайықпен туристік саяхаттарға қатысты. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Туристік жарыстар''', осындай жарыс түрлеріне белгілі бір маршрут бойымен табиғи және қолды қойылған, туристік құралдарды пайдаланып сол кедергілерден өту. Арнаулы тәсілдік және әдістік тапсырыстарды орындау. Туристік жарыстардың мақсаты туристердің шеберлігін кетеру. Жарысқа қатысатын туристерді әдістік дайындық деңгейлері және төрешілердің мамандық шеберлігі жарыс дәрежесіне сай болуы қажет. Жарыстардың көлемі арақашықтық белгілі бір қиындықтардың санына, трассаның ұзындығына, биіктіктің деңгейіне, жол бойы кездесетін қиындықтарына қатысты болады. Қиындықтардың көлемі топқа бөлінеді: қарапайым 1-ші, 4-ші, арасында. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Ақуыз''' малдың төлдегеннен кейінгі қою, құнары жоғары алғашқы сүті. Төлдегеннен кейінгі алғашқысы «қарауызды» төліне емізіп оттықтырып алады. Онан кейін бірнеше күн қатарынан сауған кездегі қою, майлы құнарлы сүтті қазақ ақуыз деп атаған. Қалыптасқан дағды бойынша барлық көрші-қолаң, ағайын-туысқа ақуыздан түгел дәм татыратын дәстүр бар. Мұндайда уызға қоса көтенішек қосып асады және ол ғұрыпты көтенасар деп атайды. Оның мәні малдың сүті көп болып, желіні ерте суалмасын, ақ мол болып, молшылыққа кенелсін деген өсіп-өну, өркендеу идеясымен байланысты. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Туристік жорық''', туристік жорықтар көбінесе ауылды жерлермен немесе тұрғылықты халқы сирек аймақтарда белгілі бір мақсатпен жаяу жүріп саяхат шегу: танып-білу, сауықтыру, спорт, оқулық және жаттықтырушылық мақсатында туристік жорықтар ұзақтық мерзіміне қатысты (1-2 күндік немесе кеп күндік), жүру әдістері туристік түрлеріне, бағытына, мысалы, жаяу немесе шаңғымен жүру, таулы өңірге саяхат, сумен, велосипедпен автомашинамен жүруге арналған саяхаттар, спелеожорықтар, сонымен қатар белгілі қиындық дәрежелері бойынша саяхат жасау. Туристік жорықтың басқапардан айырмашылығы табиғи кедергілерден міндетті түрде өту сипатына қатысты. ҚР-сы аумағында туристік жорықтарын ұйымдастырудың ережесі. ҚР-ның туристік және спорт миннистрлігінің 29.07.93 ж. 6-2 бұйрығына сейкес бекітілген. Қазақстан аумағында спорттық және көпшілікке арналған жорықтар мен экспедицияларды ұйымдастырудың тәртібі бар. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Туристік маршрут''' (немістің ''marschrute'' деген сез мағынасында), туристер жүріп өтетін бағытты күні бұрын жоспарлау арқылы тарихи орындар мен мәдениет ошақтарын аралап танысуға бағытталған сонымен қоса табиғат танысуға байланысты жол. Бағыт қозғалыстарына қарай- тіке бағыттағы, радиалды және шеңберлі бағыттағы жүрудің әдіс амалдарын (жаяу, шаңғымен жүру, су және с.с) қолданып, өту, автобуста отырып, темір жолдармен және т.б. да көлік түрлерімен жүру. Сонымен бірге қай уақытта, жылдың қай мезгілінде, қанша рет осы жерлермен жүріп өтудің түр сипаттарын, топтасып немесе жекешеленіп етуге болатындығын белгілейді. Туристік маршрут жоспарлы түрде (туристік ұйымдардың жолдамаларымен) және ез беттерімен саяхат жасауға болатындығын анықтайды. == Дереккөздер == Санат:Туризм |
'''Туристер клубы''', аудан, қала, облыс көлеміндегі туристерді біріктіретін қоғамдық ұйым, сонымен қатар туристік жұмыстардың әдістемелік тәсілдерін ұйымдастыру орталығы. Туристер клубының негізгі мақсаты туризмнің қай түрі болмасын, оның көпшілік бағытындағы жұмыстарын түсіндіріп, насихаттау. Туристер клубы негізінен өз бетімен жорық ұйымдастырушы адамдарды біріктіріп, түрлі саяхаттарға қатысады. Олардың негізгі мақсаты: өндіріс орындарында дене шынықтыру ұжымдарының туристік секцияларын ұйымдастыру, туристерге нақтылы көмек керсету, оқу орындары мен басқа да мекемелерде демалысты ұйымдастыру. Сонымен қатар жақын және алыс жерлерге туристік саяхаттар, экскурцияларды ұйымдастырып әртүрлі байқаулар мен жарыстарға қатысу, көрмелер ұйымдастырып, лекциялар оқу. Туристік саяхатқа қатысқандармен кездесу ұйымдастыру. Қоғамдық турист мамандарын дайындап, мамандандыру дережелерін көтеру; туристерді өлкелік және қоғамдық пайдалы жұмыстарды зерттеу жұмыстарына ұйымдастыру, табиғат пен медени ескерткіштерді сақтауға атсалысу, туристік ең жақсы тәжірибелерді жинақтауға және өмір жүзінде іске асыруға көмектесу; мектеп пен балалар мекемелеріне, әсіресе балалар туризмін дамыту бағытында аталған мекемелерге көмек көрсету; сонымен бірге кесіпорындар мен жергілікті жерлерде туристік сауықтандыру лагерлерін ұйымдастыру. Жоғары мекеменің тапсырысымен туристік клубтарға туристерді саяхат шегуге дайындауларына мүмкіндік беріледі. Сонымен қоса осы саяхаттарға рұқсат алып беруге көмектеседі. Туристер клубының арнаулы жұмыс орны, туристік жабдықтар мен құралдарды беруге арналган қоры болады. Осымен қоса арнайы кітапханасында туристік саяхаттарға арналған карталар және басқа да оқу құралдары болады. Радио және теледидар арқылы және баспасез бетінде туристік жорықтар мен саяхаттарға арналған түрлі насихаттау жұмысын ұйымдастырады. == Дереккөздер == Санат:Туризм |
'''Туристің күнделігі''', саяхат жұмыстарының есебіне арналған (ауызша немесе жазбаша) күнделікті жүріп өткен жолдардағы (жер жағдайлары, табиғи кедергілер немесе әртүрлі белгілерге қатысты) экскурциялық нышандар жол-жөнекей кепшілікке тиімді жұмыстарға қатысты, жергілікті адамдармен кездесулер және туристік саяхатқа арналған жолбазалар жазылады. Туристік күнделікте қозғалыс және жылдамдықтары туралы нақтылы деректер, сонымен қоса демалатын жерге қай уақытта тоқтағандығы және сол жерден қашан кетіп одан ері қарай туристік саяхатты туралы және саяхат жол бойындағы күрделі жолдар көрсетіледі. Егерде туристік топ ғылыми мекеменің тапсырысы бойынша бақылау жұмыстарын жүргізетін болса, сол істің нәтижелері тіркеледі. == Дереккөздер == Санат:Туризм |
'''Сәуірдің 12''' Григориан күнтізбесінде жылдың 102-ші күні (кібісе жылдарда 103-ші). Жылдың аяғына 263 күн қалады. == Мерекелер == Ғылым қызметкерлері күні Халықаралық адамның ғарышқа ұшу күні FAI: Дүниежүзілік авиация мен ғарыштану күні Ғарыштану күні Ұлттық азат күні (1980). Юрий түні саласы жұмыскерлері күні. == Оқиғалар == 1815 Тамбора жанартауы атқылауы (басы 5-де, кульминациясы 10 сәуірде) нәтижесінде шамамен 10 000 адам бірден қаза болса, 80 мыңы артынан (цунами мен аштық салдарынан) көз жұмған. 1903 Лондонда алғашқы қоғамдық көлік ретінде ішкі жану двигателді автобус маршруты шықты. 1992 Париж түбінде ашылды. 2005 Intel екіядролы процессор Pentium Extreme Edition 840 бұқараға таныстыра бастады. == Туғандар == 1871 жыл Иоаннис Метаксас, гректің әскери және мемлекет қайраткері, генерал, (1936-41) премьер-министр 1899 жыл Қаныш Сәтбаев, қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. 1936 жыл Қазбек Есенжанұлы ғылымдарының докторы (1973), професор (1986). 1980 жыл Мұрат Тілешев, Қазақстан футболшысы == Қайтыс болғандар == 1971 Игорь Евгеньевич Тамм (1895 жылы туған), орыс физигі, Нобель сыйлығы лауреаты (1958). == Сыртқы сілтемелер == Санат:12 сәуір |
'''Тархан'''– 1) әскери атақ. Түркі-моңғол халықтарында Тархан атауы өте ертеде пайда болып ақсүйектерге, әскери адамдарға берілген. Бұл дәрежесі жағынан ханнан кейінгі екінші дәрежелі ақсүйектер. Батырлар да ерекше әскери еңбегі үшін Тархан лауазымын алғаннан кейін салық жинау құқығын иеленген. Қала, уәлаяттарға әкімдікке тағайындалған. Шыңғыс хан атақты әскербасыларға Тархан атағын берген. Олар бас киімдеріне қауырсын (“қылшан тағушылар”) таққан. Шыңғыс хан Тархан, нояндарға ұлыстарды меншікке беріп, Тархан дәрежесін алғандарды жазадан босатқан. Ресей патшасы да көшпелілердің көне дәстүрі бойынша көрсеткен қызметі үшін қазақ батырларына (мысалы, Есет, Жәнібек тархан) Тархан атағын берген. 2) Ресей өкіметінің Кавказ, Орта Азия, Қырым хандықтарынан шыққан әйгілі адамдарға берген атағы. Тархан атанғандар алым-салықтан босатылған болатын. == Дереккөздер == ==Сілтемелер== "Қазақ том Санат:Әскери шендер |
'''Тоңу''' денеміздің тоңып, салқындауы кебінесе суықта ұзақ уақыт болғанымызда, дымқылды жерде көп уақыт тұрып қалғанымызда және қолайсыз ауа райы жағдайында сезіледі. Тоңу ағзаның әлсіреуіне, сууына, қажу, болдыру, шаршау, бір орыннан қимылдап жүрмей ұзақ уақыт түрып қалған жағдайда, әсіресе ашаршылыққа тап бол- ғанында көбірек кездеседі. Дененің тоңазытып әлсіреуі үсуге әкеп соқтырады. Дене тоңазығанында салқындық сезілмей, температурасы төмендей бастайды; қозғалыс қимылдары нашарлайды, сезімталдығы төмендеп әлсіздік, солғындық белгілері пайда болады. Босаңдылығы байқалып, үнемі ұйқысы қанбаған адамдай әлсіреп, үсік пайда болып, есінен танылуы мүмкін. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Су́кук''' (, сөзі صك Сакк" "заңды құжат, акт, квитанция") Шариғатпен бекітілген заңды құжат, исламдық облигациялардың эквиваленті. == Әлемде == 2007 жылы сукук қаржысының әлемдік көлемі 31 млрд АҚШ доллары көлеміне жетті.. Татарстан республикасы сукук бекітуге шешім қабылдады == Сілттемелер == Сукук деген не? Қаржы мекемелерінің жұмыс істеу негіздері Санат:Исламдық банкинг Санат:Қаржы Санат:Шариғат Санат:Ислам |
'''Лев Борисович Стесин''' (08. 12.1943 Алматы) республикалық мамандандыру комитетінің мүшесі (1977- 2001). К- спорт туристік бірлестігі терағасының орынбасары (1981- 2001 ж). Қазақстан спорт туристік бірлестігі комитетінің терағасы (1977- 2001). Ангрен өзенінде (Өзбекстан) 1983 ж. өткізілген су туристік арналған бүкілодақтық жарыстың қола жүлдегері. Республикалық жарыстардың жеңімпазы (1969, 1974-75, 1977). Шарын өзеніндегі ең жоғаргы қиындық кат-гы су жорығын басшылық еткен және алғашқы кезекте өткен (1969, 1974), Қараоба (1973), үлкен Кемин (1974), Шатқал (1977), Тентек (1991) өзендері арқылы алғаш рет ұйымдастырылған жорықтарды басқарған. Катамаран және қауіпсіздік кеудешесін (жилет) жоспарларының авторы. == Дереккөздер == Санат:Туристер |
'''Олег Геннадьевич Симонович''' (1947 Алматы) СШ-і аға нұсқаушы, төреші. Апматы облысы спорт туристік бірлестігінің қоғамдық мамандар бойынша туристік комиссиясының төрағасы, "Эдельвейс", "Есік келі" (1963-67, 1971-73), туристік базаларының аға нұсқаушысы, Қазақ туристік кеңесінің құтқарушылар қызметінің бастығы (1973-86), Алматы қалалық туристік кпубының директоры (1986-88 ж) қызметін атқарған. 2004 ж. "Алматау" туристік базасының директоры. == Дереккөздер == Санат:Төрешілер Санат:Туристер |
балалар мен жасөспірімдер, сонымен қатар теменгі және орта мектеп жасындағылар туристік саяхаттарға қатысқан уақыттары Осындай серуендер олардың денсаулығын сауықтыру, түсініктерін жақсарту және тәрбиелік мақсатында өткізіледі. 1-3 сынып балаларға арналған туристік серуендерінің узақтығы 1-1,5 сағ. аспауы керек, 4-5 сынып оқушылары үшін сағ. дейінгі көлемде. Серуендеуге шығар алдында оған қатысушыларға арнайы тапсырыс беріледі: демалатын жерлерді жайғастыру, табиғат көріністеріне кеңіл аудару, жайғасқан жерлерін анықтау. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Салт атпен саяхат жасау,''' адамдардың денсаулығына өте пайдалы. Теледидарлардан тумысынан аяғын басып жүрмеген, бір орыннан түра алмай қалған балаларды атқа жайдақ отырғызып жүргізу арқылы сол балалардың денсаулығын көтерулеріне жақсы ықпал бергені көрсетілді. Әсіресе біздің қазақ халқы жылқының қасиетті жануар екендігін жақсы біледі. Атпен салт жүрудің жаяу жүрумен салыстырғанда шапшаң, сағатына 4,5-5 шақырым жолды жүріп өтуге болады. Атты саяхат кезінде бір сет жаяу жүріп демалуына да мүмкіндік беріледі. Атты туристік саяхаттар команда алғашқы кезекте ШҚО-да қолға алынды. Алматы облысы Шілік өзені бойымен Көлсай көліне дейін атты саяхаттарға кептеген туристер қатысты.1999 жылдың тамыз айында Баянкөл, Алатау аймағында атты саяхатқа арналған арнаулы маршрут ашылды. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Николай Францевич Рекубратский''' (1947-1995 Теміртау қаласы), CШ-i, (1980). 1970-80 ж.ж. Магнит" туристер клубын басқарған. Жоғары категория жорықтарды, соның ішінде 4-ші категория қиындықтағы жорықтарды басқарған. (1973-74, 1985), 5-ші категория қиындықтағы (1976-79. тау туризмі бойынша Бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы (1978), ең жақсы республикалық жарыстардың жүлдегері (1979 ж. Орталық Тянь- Шань). Күміс жүлдегер (1976 ж. Кавказ), қола жүлдегер (1974) Орталық Тянь-Шань. == Дереккөздер == Санат:Туристер |
'''Анатолий Константинович Резников''' (13.04.1937 ж). Қазақстан велотуристік CШ-i. (1976 ж) Республикалық спорт және туристік федерация комитет велотуристік бойынша XX ғ-дың 70-90 ж.ж. төрағасы. Мамандандыру комитетінің орынбасары. Ең жақсы туристік саяхаттарға арналған республикалық жарыстардың жеңімпазы (1973- 74, 1978). Бүкілодақтық жарыстың қола жүлдегері (1977 Кавказ). ҰОС-ына қатысқан. Дивизия ұрыс жүргізген жерлерге туристік экспедициясын (1975-85) ұйымдастыруға басшылық еткен. Туристік кептеген түрлері бойынша тау, жаяу журу, вело жорықтарын басқарған. == Дереккөздер == Санат:Туристер |
==XX ғасырдағы Павлодар облысы== 1901 жылы қазіргі Павлодар облысы аумағында мекен еткен 162,5 мың адамның 90,2% көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар болды. Славян тілдес халық (6,5%) көбінесе диқаншылықпен айналысты. Қала тұрғындарының саны 3,7% құрады. Асыл тұқымды дворян 109 адам, мещандар 4,5 мыңға жуық болды. 1901 көлдерден 77 мың тонна тұз алынды. Тұз өндірісінде көбінесе жарлы-қазақтар жұмыс істеді. Жылына 65-тен 308 ц-ге дейін балық ауланды. Шаруашылықты жүргізуге 500 ие (орыстар және көбінесе қазақтар) айналысқан кірешілік кәсіп септігін тигізді. Ертіс бойымен 132 кеме жүзді, олардың кейбірі Павлодар қыстап, жөнделді. Кеме жөндеу 10 тұрақты және 60 маусымдық жұмысшылар жұмыс істеді. Павлодардың Ертіс өзенінде орналасуы сауданың дамуына ықпалын тигізді. XX ғасырдың басында қазақтардың дәстүрлі шаруашылығын қиындатуға әкелетін үйезге көшу күшейді. Олардың көп бөлігі аралас шаруашылық мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысуға көшуге мәжбүр болды. Экономикалық өмірмен қоса рухани даму да байқалды. Жетекші орында Құдайға сиыну тұрды. Әрбіп пунктте шіркеу, дұға оқу орындары, мешіттер болды. Мешіттерде мектептер жұмыс істеді, моллалар ауылда мектептер ашты. Екі ғасыр тоғысында ақсүйектік мәдениеттің әсері байқалды. 29 оқу орындарының ішінде 18 казактар, тек ғана қазақтар үшін ауылдық жерлерде (оқу орыс тілінде жүргізілді) жүргізілді. Екі онжылдық ғасырдың басында ауылдарда, көшпелі кенттерде (Михайловка, Федоровка, Ертіс, Галкино және т.б. ), интернатымен орыс-қырғыз училищелері ашылды. Мәдени-ағарту мекемелерінің ішінде қоғамдық кітапхана (1892 ашылды), кинофильмдер, театр қойылымдары қойылатын, дәрістер оқылатын, оқырман залы бар халық үйі болды. Павлодарда «Заря» және «Фурор» кинотеатрлары ашылды. Маусымдық цирк көпшілікке танымал болды. 1906 жылдан баспаға шығару жұмыс істеп келеді. Үйез бен қоршаған әлемді телеграф, кеме қатынасы арқылы қатынасты. ==Азамат соғысы кезеңіндегі Павлодар облысы== Материалдық қиындықтар, әлеуметтік қайшылықтар, патша өкіметінің қысымы, үкіметке қарсы, оппозициялық күштердің ықпалы әлеуметтік қарсыласу қозғалысына әкеп соқты (1903 жылғы Екібастұз шахталарындағы ереуілдер, 1905 ж. желтоқсандағы шығанақ жұмысшыларының ереуілі, қазанда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа Х.Тосчанов, А.Чадарбаев, А.Какобаев басшылығымен мың адамның қатысуы; қымбатшылық деңгейінің өсуі, көпестердің басынуына қарсы 1917 жылы Павлодар қарсылық көрсетілді); саяси күрестің белсенділігі артты бастап монархистерге дейін түрлі саяси бағыттағы үйірмелердің ашылуы); 1906 сәуірі мен 1908 ж. прокламацияның пайда болуы, 1917 жылы тамызда алдымен кадеттік, сосын эсерлік бағыттағы «Еркін дала» газ. шығуы; ұлттық сананың дамуы, ұлттық даму бағдарламасын дайындауға қатысу («Алаш» партиясы қозғалысындағы қызметі), 1905 жылы Қарқаралы петициясын дайындауға О.Мусафыров, Т.Нүрекенов және т.б. қатысуы. Уақытша үкімет Павлодар мен үйез басшылығына комиссар Қайдаловты тағайындады. Сайлау негізінде уақытша атқарушы комитеттер құрылды, олардың құрамына жұмыскерлер, басқарма қызметкерлері, тіпті патша шенеуіктері де кірді. Қуылған полиция орнына милиция құрылды. Уақытша органдарымен қатар белсенді саяси қызметке тартылған массалар Кеңестер құрды (8 наурыздан кешіктірмей Павлодарда, 29 наурызда Екібастұзда жұмысшылар мен жауынгерлер деп., мен 11 мамыр аралығында шаруа және казактар съезді, 10-11 тамызда 2-съезд өтті). Жұмыскерлер, жауынгерлер депутаттары Уақытша Үкімет саясатын қабылдамады, алайда большевиктер бағдарламасын қолдап, қабылдады. Съезд төрағасы П. Косогор мен атқ.комитет В. Шишканов басшылығымен шаруа, казактар деп. съезі Уақытша Үкімет қолдап, эсерлік бағытты қабылдады. «Алаш» партиясының мүшелері Уақытша үкіметтің кадеттік жағымен тарап кетті, ұлттық автономияны құру үшін барлық қазақтардарды бірігуге шақырды. 19.01.1918 ж.уақытша үкімет құлаған соң жергілікті горнизонның қолдауымен жаңа құрылған Қызыл Әскерге сүйеніп, үйездегі билік бейбіт жолмен С.К.Теплов пен П.М.Ширяевтың басшылығымен Кеңесті алды. Биліктен Уақытша үкімет комиссары шектетілді, қала басшысы камауға алынды, қала Думасы, үйездік жер жиналысы таратылды. Екібастұздағы көмірді, бу диірменін ұлттандыру басталды. Казактар басшыларының, байлардың, кулактардың артық жерлері тартып алынды. Көпестердің үйлері ұлттандырылды, көпестерге сан мың салық салынды. Үйездік атқкомитеттің азық-түлік бөлімі нандарды тартып алу, алыпсатарлықпен күрес бойынша шаралар қолданды. Кедейлерге, ауыл оқытушыларына, жұмыс ұжымдарына көмек көрсетілді. Өмірдің жаңа белесі жаңа қайшылықтарды да тудырды.Кеңес үкіметін мойындамаған қазақтар автономиясын құруды көздеген "Алаш-Орда" үкіметі құрыла бастады. Олардың жағына Павлодар Ертіс өңірінің тумалары Ж. Аймауытов, С. Торайғыров (Алаш Орда әнұраны мен маршының авторлары), А.Барлыбаев, К.Бердалин (Алаш үйездік комитетінің төр.) М.Боштаев, А.Сейітов, И.Жанқарин, А.Сатпаев және т.б. Жұмыскерлер, жауынгерлер, қырғыз, татар, шаруа деп. Кеңестерімен қатар пайда болған казактар қоныстарына басшылық ететін казактар деп.Кеңесі (төр. В. Полюдов), жаңа билікке деген бейтараптылығын жариялады. Алайда 4,5 ай өткен соң 1918 мен 26 қараған түні қарулы төңкеріс жасап, сотсыз Кеңес мүшелерін (В.Кузнецов, С.Теплов) жояды. 1918 қарашасына дейін Павлодар үйезінде Уақытша Сібір үкіметінің билігі, сосын комиссар есаул қала коменданты Осицимскийдің, үйездік милиция бастығы П. Барсовтың, Павлодар ү. басқармасы С.С. Зефировтың басшылығымен Колчак үкіметі билігі орнап тұрды. Қала думасы, земство, жер қатынастары, берешектерді күшпен тартып алу, әскерге жұмылдыру, реквизиция қалпына келтірілді. Кеңестер тартып алған барлық мүлік қайтарылды. Колчактық әкімшілері заңсыздық әрекеттерді орын берді. Алаш-Орда ақ гвардиялық режимдермен жұмысын тоқтатты, олар ақырындар Кеңес үкіметін мойындай бастады. 100-ден астам павлодарлықтар Семей және Өскемен түрмелерінде өлтірілді. Павлодардағы (29.11.1919) колчактық режимнің құлауы қарсаңында Кеңес мүшелері түрмеге жабылған еді. Атаман Анненков 40 жорығында Павлодар және Славгород үйездерінде 1667 адамды өлтірді. Кеңес билігін қалпына келтіру биліктің басым күшімен қабаттаса жүрді. Кеңестер сайлауына дейін үйез басшылығына Павлодарды босатқан полк комиссары Г.А.Жигарев басшылығымен төтенше орган ревкомды қойды. Орынбасары болып Казаринов және хатшысы болып Росляков тағайындалды. Үйездік милиция бастығы болып И. Дубовицкий тағайындалды. 1920 жылдың шілдесіне дейін өмір сүрген ревком болыстық ревкомдарды сайлау, олардың жұмысына басшылық ету, Кеңес үкіметі жауларымен күрес бойынша төтенше шаралар, қанаушылықты тоқтату, індетті тоқтату, азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік салғырты секілді шараларды жүзеге асырды. 1920 жылғы шілдеде көлемі өскен азық-түлік салғырты шаруалар арасында тиімді болмады, кейін қате іс-әрекеттерге ұласты, осы жағдайды Кеңес үкіметінің қарсыластары пайдаланды. Есаул Шишкин Павлодарға шын қауіп төндіретін 16 мың қарулы қарсыластарды жинап алды. Тек ерекше міндет жүктелген бөлікті жұмылдарғанан кейін ғана 1920 ж. Шишкин жасағы қирады. Өзі болса шағын жасақпен Қытайға кетті. 1922 жылдың көктеміне дейні подполковник Цветков, Уваров, Л.Найд, К.Зайченко, поручик Дорофеев және т.б.жасақтары Кеңес үкіметімен қарсыласып келді. Өндірістік салада ұжымдық түрге көшу басталды: коммуналар, с-здар ("Червона Украина", "Жаңа өмір", "Жаңа әлем", "Коммунар" және т.б.) құрылды. 1920 жылдың ортасында ұжымдастыру өзіне шаруалардың, ш-лықтардың 30% жұмылдырды. 1925 жылы үйезде 101 орыс және 106 қазақ мектептері жұмыс істеді. Оқушылар саны 1917 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті. Қазақ мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді, көшпенділер балалары үшін интернатымен бірге ашылды. (Алғашқысы Павлодарда 1925-26 ұжымдастыру== 1926 жылдан бастап ұжымдастыру басталды. 1927 ж. аяғында жойылған коммуналар мен с-здардың орнына 1920 ж. басында өндірісті іске асыратын түрлі деңгейдегі 34 ұжымдық шаруашылық құрылды. 1928 ж. күзінде 177 колхоз болды. Олардың әрқайсысына 664 рубльды құрайтын ауылшаруашылық техника, оның ішінде 13,5 колхозға трактордан келді. Осындай қамтумен ұжымдық шаруашылықтың жекеден басымдығы көрінбеді. Ұжымдық өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін 1928 жылдан байлардың, казактардың мүліктерін тәркілеу басталды. Ұжымдастыруға өз еркімен кіру деген принцип күштеп енгізу принципіне көшті. Тек 1928 жылдың қазаны мен 1930 жылдың мамыры аралығында қазақтар шаруашылығының саны 15,2 есеге өсті. Күштеп ұжымдастыру, қазақтарды отырықшылыққа ауыстыру 1930 ж. басындағы ашаршылыққа әкеп соқты. Нәтижесінде 1931 жылың күзінде ашаршылық басталады, 1931-32 ж. қысында күшейіп, түрлі ауруларға ұласты. Павлодар ауданы ауылдарын 1932 ж. ақпанда зерттегенде 35% ашаршылықтан қиналды, 10-18% аштан, аурудан қайтыс болды. Халық ашаршылықтан құтылу үшін Сібір, Алтай аудандарына қашты. Ауылдар егін отырғызуға қажет мал, жұмыс қолынан айырылды. 1932 ж. Павлодар үй. халқы 1931-мен салыстырғанда .54,5% азайды. ==Павлодарской облысы үшін 30-жылдар== 1920-30-жылдары жергілікті өнеркәсіп қалрына келтірілді және оның дамуына бастайтын қадамдар жасалды. Тауылжаннан бастап Маралды ст. (1931) дейін теміржол желісі салынды, осы жолмен «Павлодар-тұз» трестінің өнімдерін эшалонмен шығару басталды. Май шайқау, тері, балық зауыттары, элеватор, ұн тарту комбинаттары, электростанция салынды, Алматыға (баст. 1930 ж.) дейін жүк-жолаушы тасымалдайтын рейстер бастаған аэропорт ашылды. 1931 ж. Павлодарда теміржол кадрлары бар паровоз депосы құрылды. 1932 жылы Майқайынның бұталы шахталардың орнында "Майкаинзолото" комбинаты құрылды. Өндірісті "Сельхозмука", "Главмука", "Маслопром" секілді тресттердің пайда болуына әкелді. станциялар құрылды, шаруашылық қалпына келе бастады, шаруалардың өмірі жақсара түсті. 1936 ж. еңбек күніне кг бидай мен 40 тиын ақша, ал 1938 ж. сәйкес 18 және 107 бөлініп отырды. Жағдайдың кейбір тұстарының жақсаруы денсаулық сақтау, ағарту, мәдени-ағарту жұмыстарын қалыпқа келтірді. Егер 1926 ж. үйезде 391 төсек орны, дәрігері және емшінің 51 көмекшісі бар 10 аурухана болса, 1939 ж. 871 төсек орны бар 34 станционарлы емдеу мекемелері жұмыс істеді. Облыста 40 амбулатория, 47 фельдшерлік, акушерлік пункт, безгекке қарсы күрес бойынша қолдау пункті, жедел мед. көмек станциясы (1 автомашина), емдеу- диагностикалық зертхана болды. Облыста (1939) 33 дәрігер болды. Мед. көмек түрлерінің мамандандырылуы басталды. 1938 ж. стационарда 11238 сырқат емделді, амбулаторияда 573672 сырқат қаралды.1938 жылы халықтық білім берудің Павлодар бөлімінде 538 мектеп (97,2%- ауылдарда), оларда 42831 адам (89% ауылдық жерлерде) оқыды. Мектептердің 41,3% оқыту қазақ тілінде жүрді. Мектептерде 1003 оқытушы (90% ауылдық жерлерде) жұмыс істеді. Жалпы мамандық бойынша кадрларды даярлау (1939 ж. басында 696 оқушылар), механизайиялау совхозаралық мектебі, ауданаралық мал шаруашылығы мектебі сынды мекемелер кәсіби білімді оқытты. 1932 ж. 7-жылдық базасы барларды қабылдайтын ФЗО мектебі өз жұмысын бастады. Орта арнайы білімге сүт-май өндірісі техникумы (1932 ж. бастап), техникум, медбикелер мектебі (1935ж. бастап) оқытты. ==Соғыс алдындағы жылдар== Соғыс алдындағы жылдары облысы 133 клуб, кинокөрсеткіш, 98 киноқондырғы (оның ішінде 87 дыбыс киноларына арналған), театр жұмыс істеді. 835 мың дана таралымда (1940) 14 газет (2 облыстық, көп таралымды) шығарылды. Фашизмді жеңу жолында облысы үлесі елеулі. 1941-45 ж. қолданыстағы әскерге 40486 адам жұмылдырылды, ал әскерде болғандар мен әскерде қалғандарды қосқанда 46249 адам., ол 1941 ж. басындағы халық санының 16,4% Жаппай жұмылдыру 1941 ж. екінші жартысында (15194 адам) және 1942 ж. (12404 адам) байқалды. Майданда қаза тапқандар саны 21830 адамды құрады, ол жалпы халықтың 47,2%. Ең ауыр кезеңдер 1942 мен 1943 ж.ж. (59% жуық) тиесілі. Павлодарлық жауынгерлер соғыстың ірі майдандарында қатысты. 10 мың астамы соғыс наградаларымен марапатталды, олардың ішінде 23 Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, адам Даңқ ордендерінің толық кавалерлері атанды. Павлодар облысы 2448 (Павлодар) және №3604 (Шарбақты) павлодарлықтар соғыста жарақат алғандар денсаулығын толық қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерін аямады. Облысы өнеркәсібі жылдам дамыды. Әсіресе 1942 ж. 41 цех пен 41 өндіріс ұйымдасқан кезде осы үдеріс жақсы байқалды. Көп жағдайда халықты тұрмыстық тауарлармен жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындары қамтамасыз етті. Сабаннан қағаз, сіріңке, ағаш табанды аяқ-киім, балшық ыдыс, қатты теріден жасалған шұға, жабынғыш және т.б. өндіру басталды. Өндірілетін өнімнің сұрыпталымы 1000 атауға дейін өсті. Республикалық және одақтық мәні бар өндірістің болуы коп орын алды. Кеме жөндеу шеберханалары дәрежедегі кеме жөндеу зауытына айналды. Соғыс жылдарында 47 кеме, 27 жүзетін жүк көтергіш және т.б. салынды. Өндіріс көлемі бойынша зауыт Жоғары Ертіс бассейнінде екінші зауыт болды. Облыстың жетекші кәсіпорны «Октябрь» зауыты болып танылды, ол 1944 жылы негізгі профильдегі өнімді ауылшаруашылық машиналарға, майдан өнімінің бөлігін шығарды. ==Соғыс жылдарындағы өнеркәсіп== 16.11.1941 Харьковтан жартылай ішік, тұлып, тері кеудешелері, бас киім, Қызыл Армия жауынгерлеріне арналған қолғап өндіру бойынша жоспарды 100-115% -ке орындаған тері фабрикасының жабдығын әкелді. 17.11.1941 Туладан Автокөлік, көп-поезддерді және т.б. жөндеуге арналған қондырғы Павлодарға әкелінді. Қазақстандағы алғашқы сүт консерві зауытының құрылыс басталды. Өндірісті ұлғайтты, кен өндірісі саласы кеңейді. комбинаты ел ішінде үшінші орынға шықты. "Павлодар- соль" тресті, Шөптікөл көмір шахтасы, Екібастұз және Жамантұз көмір орындары даму қарқынын күшейтті. Облысқа көптеген кәсіпорындар көшірілді. Соғыс соңында облысы Аумағында одақтық және республикалық мәні зор 80 кәсіпорын, жергілікті деңгейдегі 700 кәсіпорын тіркелді. ==60-жылдардың басындағы Павлодар облысы == 1962-63 ж. ірі ет комбинаты, зауыты, автожөндеу зауыты салынды. 1964 ж. Кеңес Одағы бойынша ірі салалардың бірі алюм. Зауыты іске қосылды. 1968 ж. машина жасау зауытында сәйкес профильдегі трактор жасап шығарылды. 1970 ж. Екібастұздың ірі «Богатырь» разрезінен көмір алына бастады, онда КСРО-дағы алғашқы роторлық экскаватор СГС(К) 470 жөнделді. 1970 орт. Екібастұз жылына 50 млн т. Көмір берді. 1980 ж. қарай осындай мөлшерді бір «Богатырь» разрезі берді, қатарласа «Восточный» разрезі (жылына 30 млн т. көмір) салынды. Осындай мөлшердегі отынды кайта өндеу үшін КСРО-дағы ең ірі ГРЭС-1 салынды, оның бірінші энергоблогы 1980 ж. іске қосылды. 1987 ж. станцяның блогы да жұмыс істеді. Екібастұздағы ЖЭО өткізілген экономикалық, қондырғыға залал әкелмейтін, жергілікті жоғары козолды көмірді пайдалану бойынша тәжірибелер мен зерттеулер үлкен жолдарға есік ашты. Екібастұз көміріне КСРО-ның 22 көшті (КСРО барлық ЖЭО 12% қуаты). 1980 ж. Павлодар облысы республикаға 60% электроэнергия, 50% жуық көмір берді. Өнеркәсіп дамуын, сан жағынан көбейген халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін энергетикалық қуат арта түсті. Павлодар, Екібастұз қ. ЖЭО, Ермакта (қаз. Ақсу)- ГРЭС, Павлодар, Екібастұзда үй құрылыс комбинаттары, темірбетонды өнімдер зауыты және т.б. іске қосылды. 1976 ж. картон-руберод зауыты қуатының іске қосылу үдерісі аяқталды, 1978 ж. қайта өндеу зауыты алғаш өнімін шығарды. Облысы жыл сайын 400 мың м2 жаңа тұрғын үй салу деңгейіне жетті. Бұл көрсеткішті ЖБ-дің комбинаты, зауыты, керамзит, минерал өнімдері зауыты қамтамасыз етті. 1984 ж. трактор зауыты қуатын ұлғайтып жарты миллиондық тракторды шығарды. 1968 ж. Ақсу ферроқорытпа зауытының алғашқы пеші өнім берді, ал 1976 ж. кәсіпорында 17 пеш істеп тұрды. Облыс алдағы техника қолданды, кейде шығарылды да: Екібастұзда 5000 т. көмірді жаңа роторлық экскаватор берді, "Сборочные механизмы" НПО "Нива", "Колос", комбайндарды шығару үшін жинау желілерін құрды. 1974 ж. 458 километрлік Ертіс-Қарағанды каналының құрылысы аяқталды, осы канал арқылы суы жоқ жерге Ертістің 10% суы көшірілді. 22 су сорғыш станциялары суды 453 м-гк көтерді, 13 су қойманы толтырды. Канал жаңа мамандырылған с-здарды қатарға қосты, 100 мың га жерді суландыруға мүмкіндік берді. Облысы ауыл мал өсірушілер жүн-ет бағытындағы (солтүстік қазақстандық меринос) жоғары өнімді аудандық қой түрін шығара алды, ІММ етті түріннің өнімділігін 13% -ке жуық көтерді. Басшылығында тұрған Павлодарлық тәжірибелі ауылш/қ станциясының жұмысы академик А.Н. Бараев тәжірибеге енгізген диқаншылықтың жаңа топырақты қорғау жүйесіне негіз болды. 1960 ж. желтоқсанында Тың игеру өлкесі құрылды, оның құрамына Павлодар облысы Да кірді. 1963 қаңтарында облысы құрамында ауылш/қ аудандары, екі еселенген құрылым құрылды. Тың игеру өлкесі 17.12.1964 жойылды.1955 жылдан КАЗИЗО шығармашылық шеберханалары құрылған кезден бастап станоктік көркем сурет дами бастады. 1960 жылдан бастап В.П. Колмогоров, С.Я. Якубовичтің есеп беру көркемөнер көрмелері және т.б. үнемі өткізіліп тұрды. 1964 ж. ғылыми-зерттеу, ағарту, шығармашылық орталық ретінде өзіндік орын алған көркемөнер мұражайының негізі қаланды. 1983 ж. Павлодарда суретшілер Одағының жергілікті ұйымы жұмыс істеді. ==20-ғасырдың соңындағы мәденет== Жалпы білім беру мектептері мен оқушыларының саны 1991-2001 ж. қатты өзгерген жоқ. Жеке жалпы білім беру мектептері (200-2001 оқ.ж. барлық мектеп санының 3% және оқушылардың 0,4% ), оларда білім берудің ең үздік жағдайлары жасалған (сыныптардың аз толуы, оқытушылардың жоғары білім беру деңгейлері, бір ауысымдық сабақтар және т.б.). 2000-2001 оқ.ж. 768 оқытушылар, оның ішінде 32 доктор мен 252 ғылым кандидаттары жұмыс істеді. Мемлкеттік емес жоо-дары қажеттілікті студенттердің жалпы саны 1970 ж. деңгейде қалды, «беделді» мамандықтар, (заң, экономикалық), сырттай оқу түрі пайда болды және т.б. 1990-ж. экономикалық қиыншылықтарға, әлеум.бағ., меншік түрінің және т.б. өзгеруіне байланысты мемл. мәд.-ағарту мекемелерінің саны күрт азайды. 1995-2000 ж. кіьапханалар саны 483-тен 161-ге, ал клубтардікі 432-ден 112-ге азайды. Театр көрермендерінің саны 29,2%-ке, оқырмандар саны 38,4%-ке, клубқа келушілер саны 65,7%-ке азайды. Өндірістік бірлестік меншігіндегі жеке мәд.-ағарту мекемелері құрыла бастады (2001 басында 23 болды). Төлемақы үшін көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайды (2002 ж. 55%). Осыған қарамастан, облыста 655 өзіндік бірлестіктер сақталды (7,7 мың қатысушы). Әсіресе көркемсурет ұжымдары белгілі болды. 2001 басында 526 ұжымның 31-і «халықтық» немесе «үлгілі» деген атаққа ие болды: "Лейся, песня" ансамблі, "Рябинушка" (Шарбақты), "Беу, Жігіттер" (Баянаул), "Русские узоры" (Ақсу) фольклор ансамблі, "Сюрприз" (Екібастұз) хореографиялық ансамблі және т.б. мәд.-ағ. жұмыс. түрлері әр түрлі бола бастады айтыстар, концерттер, мерекелік серуендер, фествальдар, конкурстар және т.б. Мәселен, «Балдәурен» балалар облысы фестивалінде мыңға жуық бала қатысты. Мәд.-ағ. мекемелері пайда болған мәд.-ұлт. орталықтармен, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы және өзге де қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен өзара байланыста жұмыс істей бастады. 2002 ж. облысы соңғы онжылдықта ашылған 12 мұражай қызмет етті. Бұл Бұқар жырау атын. әдебиет және өнер мұражайы (1991), С. Торайғыров мұражайы (1993), М.Ж.Көпеев мұражайы (1994), Майра Уәлиқызы Шәмсутдинова ныңән шығармашылығы үйі (2000), Шафер үйі (2001), Ақсу, Шарбақтыдағы (2000), Успенкадағы (2001) тарихи-өлкетану мұражайлары. Осыдан басқа облысы ведомстволық мұражайлардың қатары жұмыс істейді. Жыл сайын мұражайға 250 мың адам келеді. тыс. чел. ==Ескерту== ==Әдебиет== Павлодар. Павлодарская облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар Ертіс өңірі) Санат:Қазақстан тарихы |
'''Аркадий Георгиевич (03.08.1940 Алматы), СШ-і тау туристік нұсқаушысы "Тамга" туристік базасының аға нұсқаушысы (1979). Орта Азия әскери округінің туристік және спорт саласы бөлімі бастығының орынбасары (1985). Журналист, туристік арналған көптеген мақалалар мен кітаптардың авторы. Таулы саяхаттардың 4-5 соның ішінде Солтүстік Тянь-Шань, Теріскей Алатау өңірлеріне ұйымдастырылған жорықтарды басқарған. == Дереккөздер == Санат:1940 жылы туғандар Санат:Туристер |
'''Тархан грамоталары ''' ақсүйектердің артықшылығын көрсететін арнайы құжат. Алтын Орда хандары қоластындағы ықпалды шонжарларды өздеріне тарту үшін Тархан грамоталарын таратқан. Кейін Тархан грамоталарын Қырым, Қазан, Орта Азия хандықтарының билеушілері де кеңінен қолданды. Ресей тарихында Тархан грамоталарына ие болған адамдарды және оның негізгі салықтан босату мақсатында қолданылды. Ресейде Тархан грамоталарын беру 1506 жылы тоқтатылды. Қырым хандығы да 18 ғасырдың басында жойылды. Еділ өңірінде тархандық лауазым 19 ғасырдың 2-жартысына дейін сақталды. ==Сілтемелер== "Қазақ том |
'''Николай Валентинович Пагануццы''' (1899-1989 Қарағанды қаласы), СШ-і туристік нұсқаушысы. Фан таулары мен Памир-Алтай, Тянь-Шань, Кавказ өңірлерін зерттеушілердің бірі. Карағанды облысы өңіріне алғаш туристік жорықтар ұйымдастырған, КСРО жағрапиялық қоғамының мүшесі. Фан тауларына арналған бір- сыпыра кітаптардың авторы. Әртүрлі категориядағы су, тау, шаңғымен жүру жорықтарын басқарған, альпиниадаларға қатысқан. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Туристер |
==XIX XX ғ. Басындағы Павлодар Ертіс өңірі== XIX ғ. қазіргі Павлодар облысы патша билігінің және саяси реформаларына бағынышты болды. XIX ғ. 20 ж. басында Баянауыл аймағы Ресей және Қытай империясы сияқты екі ұлыс тоғысқан жер болды. 1821 ж. Орта жүз қазақтары қытайлармен келіссөз жүргізуге тырысқан Уәлиұлы Ғұбайдолланы хан етіп сайлады. Аймақтық билік Баянауыл тауларына келген қазақтарқытай өкілдерінің, жасақтың келу себебі осы екенін де білді. 1824 ж. Баянауыл ауданы Орыс отряды заң жүзінже сайланған басшыны қамауға алды, ақырында оны дәстүрлі саяс қуғын орны Березов –ке айдады. 1824 ж. Омбы қ. Шоң Едіге би басшылығымен сұлтан Жұма Құдаймендиев иелігінен депутаця келді. Олар шекара басына Сүйіндік руына жеке аймақ ашылуы жайлы өтінішпен келді. Өтініш білдірушілерге Омбы басшысы бекітілген Қарқаралы аумағы құрамына жеке болыс болып кіруге жасаған ұсынысынан қазақ депутаттары бас тартты. ==Баянауыл сыртқы аймағының құрылуы == Баянауыл сыртқы окр. 1826 жылы ғана құрылды. Алайда оны Қарқаралы айм. Қосып жібергісі келген шекара билігі оны 1833 жылға дейін ресм түрде бекітпеді. Округ Омбы облысы Басқаруға бағынды. Аймақ халқы сан алуан көшпелі шаруашылық Арғын руынан құралды. Сібір қазақтары үшін патша үкіметі тартып алған себепті жайылым жерлердің жетіспеуінен бірнеше болыстық аймақтар көрші Томск губерниясының кейбір жерлерін жалға алуға мәжбүр болды. Мәселен Ертістің оң жағасында1000 –нан астам шаруашылықтан тұратын болысы амалсыз қоныстанып отырды. Осындай жағдайды Уақ руының көпшілігі басынан кешірді. Баянауыл сыртқы аймағының алғашқы сұлтаны болып Сүйіндік руының ірі Айдабол тармағына басшылық еткен Шоң Едге би тағайындалды. Аймақтағы ең жоғарғы басшылық орнына сайлау кезінде Сұлтанбеттің ұрпағы Бопы Тәтенов сұлтан да қытысып, жеңіліп қалды. Аға сұлтандыққа «қара сүйек» өкілін қою арқылы орыс үкіметі өзге де «жай адамдарға» билікке жол ашатын тудырды. Болыстық құрылымдағы осы өзгерістер патша үкіметі әмірімен болып отырды, осылай сұлтан әулеті ұрпақтарын биліктен шеттету басталды. ===Павлодар үйезінің болыстары=== ХІХ мен XX ғ.ғ. басындағы облыс пен Ресей губерниясындағы бірлік. 1833 ж. Баянауыл сыртқы аймағында көшпелі болыстар құрылды. XIX ғ. соңында Павлодар үйезінде 16 көшпелі қазақ болыстары болды. 1905 жылдан, Столыпиннің аграрлық реформасына сәйкес, үйезге шаруалардың жаппай көшіп келуі басталды. Қогыс тебушілер өз ауылдарын, өз болыстарын да құра бастады. ==Кенесары Қасымов басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалыс== XIX ғ. Павлодар Ертіс өңіріне аймақтың қазақ халқы 30 ж. Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалысқа қатысуымен есте қалды. Мәселен, сібір казактары шекара басқармасының бастығы полк. Талызиннің 1838 ж. баяндамасында: «Жыртқышқа (Кенесары Қасымовқа Т. И.) Ақмола айм. Сұлтандарының көп бөлігі ғана емес, сонымен қатар Баянауыл, Қарқаралы мен Көкшетаудан да көбі қосылды. Қалған барлық сұлтандар өкіметке сырттай ғана адал болып қалғандар Кенесарымен құпия байланыста болды». 1837 ж. аяғында патша қанаушыларына қарсы күреске Баянауыл айм. Көп руы қосылды: Қозған, Айдабол, Қаржас және т.б. Осы айм. Қазақтары көтерілісінің белсенді ұйымдастырушы Қаржас руынан Сейтен мен Тайжан Азнабаевтар болды. Көптеген мұрағат материалдарында Кенесары ханның жақын жорықтастары ретінде саналады. Белгіленген және жіберліген батырлардың орнына өзгелері келіп отырды. Баянауыл айм. Төртұл болысындағы көтеріліс жетекшісі Таймас Бектасов болды. Ақырында ол ханның әскери мәселелер бойынша кеңесшісіне айналды. Сол кездегі мұрағат құжаттарында ол туралы былай дейді: «оның Кенесарыдан жұбы жазылмайтын, орыс жасақтарына шабуылдаған кезде басты адам болатын, орыстарға қалай соққы беру керектігі жөнінде Кенесарыға кеңес беретін, сол үшін де Кенесары ықыласына бөленді, тіпті бір ыдыстан ас бөлісіп жейтін. Ханның атақты батырларының қатарына Сүйіндік руынан шыққан Жанайдар батыр да кірді. Қозғалыстың белсенділерінің ішінде Олжабай Бәбекі, Шапшақ Кейкі және Тұмат Сайдықовтың да есімдері ұшырайды. Патшалықтың қанауына қарсылық көрсетудің бір түрі қоныс аудару еді. Көтеріліс кезінде Баянауыл айм. Шаңтөрі бмен бірге Айдабол руы, Олжабай старшинасымен бірге Орманшы-Төртұл ауылының жартысы көшіп кетті. Болыстар: Қызылағаш; Железинка; Алқакөл Қараөткел; Павлодар; Ақкөл Алтыбай; Ақбеттау; Шақшанан; Ақсу; Атақозы; Қарамола; Баянауыл; Ақкелін; Қызылтау; Кеңтүбек; Малыбай; Сейтен; Маралды; Ұрық; Тереңкөл; Айғыржал. ==Болыстардың басқарудың «Уақытша ережесі» == Өлке өмірінің басты оқиғасы 1868 ж. 21 қазандағы өкіметтің Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқарудың «Уақытша ережесі» болып табылды. Соңғы құрамда Павлодар үезі де құрылды. Үйез Семей облысы Солтүстік жағында Қарқаралы үйезінен оңтүстікке Томск губерниясына дейін шығыста және кең аумақта орналасты. Батыста үйез Ақмола облысы, оңтүстік шығыста Семей үйезімен шектесті. Үйез аумағы 103788,2 шаршы шақырым жерді алып жатты, XX ғ. басында 160270 адам, оның ішінде 144160 қазақтар, 8800 казактар, қалғандары шаруалар, мещандар және өзге қабаттың өкілдері болды. XIX екінші жартысында- XX басында Павлодар ү. айм. Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды жаппай көшіру негізі түрі көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы еді. Алайда патшалық тұрғылықты халықтың жерлерін тартып алғаннан кейін қоғамның жаңа әлеум.қабаты жасақтар пайда болды. Олар Ертіс бойында төсілген казактарға, үйез және көрші Томск губерниясы шаруаларында еңбек етті. Қазақтардың көп бөлігі казактар мен шаруаларға жерді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемін төлеуге мәжбүр болды. Шаруалардың көшіп келуі көшпенділердің ең құнарлы жерлерін жаппай тартып алу үрдісіне әкеп соқты. Өңір тарихындағы жарқын оқиғалардың бірі біздің атақты «Қарқаралы петициясын» құруға ат салысуы еді. 1905 ж. маусымында Ресейдің Ішкі істер Мин. 47 тармақтан тұратын, өзекті де тағдыр шешетін дала қазақтарының мәселелерін өзек еткен өтініш келіп түсті. Бұл нағз заңды құжат авторлары: Павлодар ү. Атақозы болысынан Омархан молла Музафыров, Қарқаралы ү. Едрей болысынан Апық Жолшарин және Семей ү. Сейтен болысынан Темірғал Нұрекенов болды. Сонымен қатар 20.5.1907 қазақ халқының осы мәселелерін Омбы қ. дала ген.-губ. жеке жиналысында 12 құзіретті тұлға да ескере кетті. Оның ішінде Павлодар ү. қазағы Мұхамед Қабір, Ысқақ Бердалин (Павлодар бол. және Ілияс Жанқарин (Тереңкөл бол.) болды. ==Ескертулер== ==Әдебиет== Павлодар. Павлодарская облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодарс Ертіс өңірі). Санат:Қазақстан тарихы |
'''Өзін-өзі бұл әркімнің жеке басына қатысты, топ мүшелерінің көмегінсіз атқарылатын болады. Өзін-өзі қауіпсіздендіру барлық түрлерінде қолданылады. Соның ішінде кең көлемде және әртүрлі мақсатта тау туризмі және спелеологиямен айналысқандар қолданады. Өзін-өзі пассивті түрде сақтандыру оның үстіндегі киімдері, аяқкиімі, әртүрлі қолданыс құралдарының көмегімен туристің өзін жарақат алудан сақтандырады. Өзін-өзі сақтандырудың белсенді түрі көп жағдайда арнаулы құрал жабдықтарды, әдістерді орындау жолымен (туристік арқан, ледоруб, айсбайл, аль-пеншток, темір ілмектер және т.б.) сақтандыруға арналған құралдар спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: ISBN 9965-822-57-3 == Дереккөздер == Санат:Спорт |
==Тың игеру (Павлодар облысы)== 1954 ж. тың игеру басталды. Қазақстанға күллі КСРО-дан құрылыс жиналатын үйлерімен, ауылшаруашылық техникаларымен, жылжымалы жүк автокөлігімен эшелондар ағыла бастады. Тың игеруге механизатор, диканшылармен қоса мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер келді, сол арқылы ауылдың мәдени деңгейі біршама көтерілді. 1954-1956 ж. павлодарлықтар екі миллоннан астам гектар жаңа жерді игерді, жалпы егу ауданын 1953 ж. салыстырғанда төрт есеге кеңейтті, ал егін жнау көлемі сегіз есеге дейін өсті. Осы жылдары жаңа техника арқылы 32 жаңа бидай совхоздары мен МТС құрылып, жаңа техникамен жабдықталды. Бауырлас елдер мен облыстардан мемлекет есебінен Павлодар облысына тұрақты тұруға 50 мың тұрғындар жіберілді. Облыс қамту үшін сан мыңдаған трактор, комбаин, жүкті автомобиль, алуан түрлі ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары берілді. Егін аудандырының кеңеюі мен егіннің мол шығуы колхоздар мен совхоздардың экономикасын біршама көтерді, еңбек етушілердің өмір сүру деңгейі де көтерілді. 1954 жылы 143 колхоздар миллионер болды десек те жеткілікті, тың геруді жаңа бастаған кезде олардың саны небары 17 болды. Осылайша, тың және тыңайған жерлерді игеру Павлодар облысын Қазақстандағы ғана емес, Кеңес Одағындағы ірі бдай шаруашлығы орталығына айналдырды.. ==Ескерту== ==Әдебиет== Павлодар. Павлодар облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар Ертіс өңірі) Павлодар Ертіс өнірі бойынша. В.Критинин, И.Лагутин, Ю.Юханов Павлодар, 1964 |
'''Өзін-өзі кадағалау''', жаттығулар немесе жорық кезінде олардың дене дайындықтарын қадағалап байқауымен анықталады. ''Оның негізгі мақсаты'': әсіресе саяхат кезінде өз ағзасының қалыпты жағдайын аса көңіл аудару. Әсіресе денсаулығына, алаңсыз ұйықтауына, тағамға деген тәбетіне, дене салмағына, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын, тыныс алуын және т.б. жағдайларын үнемі бақылап тексеріп отыруы керек. Ұзақ уақытқа созылған алыс қашықтықта денесіне түскен ауырлыққа қатысты осы жорықтарға бұрын қатыспаған немесе дайындығы төмен адамдардың денсаулықтары нашарлап, тыныс алуы төмендеп қиналуы мүмкін. Сондықтан да, саяхат сәтіндегі әрбір адамның өз денсаулығына кеңіл аударуының орны ерекше. Саяхат барысында алғашқы күндері денесіне түскен салмаққа имкемделіп үйренетін болады. Көтеріңкі көңіл күйі әсем табиғаттың таңғажайып көріністеріне орай қан тамырларының соғуы 10-15 мин. уақыт демалғаннан кейін қалыпты жағдайына оралады. Егер жоғарыда аталған уақыт мөлшерінде қалыпты жағдайына оралмай, кез келген нәрсеге ашуланып, тәбеті темендеп, саяхатқа деген қызығушылығы азайып, жүрген кезде сүріне берсе сонымен бірге, тыныс алуы одан әрі нашарласа, шамадан тыс терлей бастаса сол адамның жүгін жеңілдетіп немесе одан әрі қарай жүрулерін тоқтату қажет. Оны бір орынға жайлы отырғызып, арқасындағы жүгін алып сол қолының білезігін тамырын саусағымен басып жүрек соғуының жиілігін анықтайды. Біраз демалғаннан кейін тағысын сол адамның қан тамырын басып, жағдайын қайтадан білгеннен кейін 10-15 мин соң қалыпты жағдайына оралып жақсы тыныс алса жорықты одан әрі жалғастыруға болады. Тамырларының соғуы 15 сек. 15-20 қағыс болғанында, олардың денсаулықтары қалыпты жағдайда деу керек. Қан тамырларының соғуы шағын кітапшаға жазылады. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
"Шахмардан Қайдарұлы Әбілев" (23.4.1950, Арбген ауылы, қазіргі Павлодар облысы, Шарбақты ауданы) опералық әнші, педагог, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1994). Уақ тайпасынан шыққан. ==Білімі== Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны тәмамдады (1981). ==Мансабы== Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі (1989). 1989-97 дайындау факультетінің деканы, ал 1997 Құрманғазы ат. ән айту кафедрасының меңгерушісі. 2018-2019 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің Вокалдық және хор дирижерлеу кафедрасының менгерушісі. ===Халықаралық сайыстарға қатысуы === Одессадағы Лысенко ат. конкурс және Львовтағы Соломин Крушельницкий атындағы конкурс қазылар алқасының мүшесі. Әнші репертуарында 500-аса шығармалар бар ариялар, романстар мен қазақ және шетел сазгерлерінің әндері. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің (Абай), П.. Чайковскийдің "Евгений Онегин" (Онегин), Моцарттың "Колокольчик" (Анибаль) және Фигароның үйлену тойы" (Фигаро), Ғ. Жұбанованың «Еңлік-Кебек» (Абыз. Есен) және т.б. рөлдерінде ойнады. Англия, Түркия, Франция, Иран, Польша, Моңғолия, Корея, Италия және ТМД елдерінде гастрольде болды. Ұлы ақын Абайдың 150-жылдығына орай Мәскеу, Лондон, Париж және республика бойынша жеке концертімен барып шықты. ==Ескертулер== ==Әдебиет== Павлодар. Павлодар облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар Ертіс өңірі) Санат:1950 жылы туғандар еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Қазақстан әншілері |
'''Өзін-өзі тоқтату''', дегеніміз кездейсоқта тепе-теңдігін жоғалтып құлаған сетінде, ез қауіпсіздігін сақтауға бағытталған іс-қимылдары. Мысалы, биік еңістен темен қарай құлағанында (немесе сырғанап түскенінде) жылдамдығын азайтып, мүмкіндігінше өзін-өзі тоқтатуға бейімделуіне арналған қауіпсіздік шаралары. Осындай қауіпсіздік шараларын туристік жорыққа қатыспастан бұрын міндетті түрде жаттығулары керек. Әсіресе, жалғыз адам таулы өңірге саяхатқа шыққанында немесе жолдастарымен жүргенде қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңызы ерекше. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Дмитрий Поликарпович Багаев''' (5 қыркүйек, 1884, Ресей империясы, Туманы ауылы, қазіргі Киров облысы 23 шілде, 1958, Павлодар қаласы, ҚазКСР) фотограф, өлкетанушы, облыстық өлкетану мұражайының негізін қалаушы әрі алғашқы директоры. ==Білімі== Омбы фотографы Коркиннен сабақ (1901—1903) және Мәскеуден фотосабақтарын алды (1928). ==Мансабы== 1905- фотостудия иесі Тамбов фотографиялық ұйымының мүшесі болып сайланды. (1912). Әскер қатарында болды (Новониколаевск қ., 1915—1918). Қазақстан және Павлодар Ертіс өңірінің көптеген этнографиялық қаысушысы (1928, 1930, 1952,1956). «Қазақстанды зерттеу ұйымы» Павлодар бөліміме тығыз қатынаста болды (1936-42). 1928 ж. Аудандық және облыстық газеттер бетінде мақалалар мен 154 өлке тарихы туралы еселіктер, Корякова көлі, Екібастұз, Баянауыл, Майқайын туралы ірі мақалалар жариялады. 1942-58 Павлодар облыстық өлкетану мұражайының директоры Қала мен облыстың жартығасырлық фотобаянын дайындады, негативтер саны 3000 аса. ==Ескерткіш== Қабір басында тақтасымен бірге ескерткіш, бұрынңы мұражай ғимаратында ғұмырнамалық тақта орнатылды (1990). Оның атымен Павлодарда көше аталады (1991) және Үй мұражай (2001), мүсін орнатылған (мүсінші Қ. Темірғалиев, 2002). == Дереккөздер == Санат:1884 жылы туғандар Санат:Ресейде туғандар Санат:1858 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан фотографтары Санат:Қазақстан өлкетанушылары Санат:Павлодар облысы тұлғалары |
'''Маршруттық мамандыққа баға беретін комиссия (ММК)''' туристік секцияларда, турист клубтарында туристік жорықтарды ұйымға бағытталған спорттық туристердің көмегімен кұрылады; ММК кұрамына тәжірибелі маман туристер енеді. Олар жорықтарға қатысқалы отырған туристермен таңдаған маршрут бойынша арнайы кеңес жургізіп, олардың сұрақтарына жауап береді; т.ж-ға дайындықтарын, жорық- тарға арналған құжаттар есебін қарап тексереді, сонымен бірге спорт атақтары мен туризм разрядтарын беруге байланысты маршруттарды қарайды; ыңғайсыз жағдайларды тиянақты тексеріп, жорық ережелерінің бұзылғанын жергілікті мекеме көмегімен жүргізіп м-ғы қолайсыз жағдайларды ескертіп, одан сақтандырудың жолдарын айтады. Өз бетімен спорт жорықтарын ұйымдастырғалы отырған топты басқарушы маман жорықтың басталуына 15 күн қалғанға дейін бүкіл құжаттарға қатысты м.к-ны ММК-ның қарауына ұсынады. ММК дайындалған маршрутты және топ қозғалысының кестесін негізгі құжат және запас варианттары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жорыққа қатысушы туристер мен топ басшысының тәжірибесін, қозғалыс жағдайындағы олардың білімін м-ғы табиғи кедергілерден өтудің негізгі әдіс- амалдарын сұрайды, қауіпсіздікті сақтандыруға бағытталған жұмыстарға көңіл аударып, картографиялық нақтылы материалдар мен маршрут сипатына көңіл бөледі, қажетті азық-түлік көлемін, және т.б. байқап тексереді. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Маршрутты таңбалау''' (немістің ''markieren'' сөзінен белгі қою), шартты белгілеу жүйесі көмегімен, туристік жорықтар мен саяхаттардың маршруттарын белгілеу. Бұл негізінен туристер тынығып демалатын, табиғи қиындықтардан және қауіпті жерлерді анықтайтын жол бағытындағы арнаулы белгілер. Олар көбінесе табиғаттың әсем керіністерін, тарихи және мәдениет жетістіктерін көріп тануға арналады. Маршрутты таңбалау саяхат қауіпсіздігін сақтауға туристер мен саяхатшыларды ұйымдастыруға және табиғаттың әсем көріністерін сақтауға мумкіндік береді. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Тасбөгет''' Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты кент (1948 жылдан), Тасбөгет кенттік әкімдігі орталығы. == Географиялық орны == Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс іргесінде, Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан. == Халқы == 1999 жылы тұрғындар саны 16922 адам (8896 ер адам және 8026 әйел адам) болса, 2009 жылы 18875 адамды (9437 ер адам және 9438 әйел адам) құрады. == Тарихы == Іргесі 1946 жылы осы жердегі ежелгі Қатынкөл және Тасарық ауылдары орнында Қызылорда су торабын салуға байланысты қаланған. 1956 жылы кент жанына Сырдария су бөгеті салынды. 1959 97 жылдары Сырдария ауданы орталығы болды. 1997 жылы Сырдария мен Тереңөзек аудандары қосылды да аудан орталығы Тереңөзек кентіне ауыстырылды. 1997 жылдан Тасбөгет Қызылорда қалалық әкімдігі құрамында. == Кәсіпорындары == Бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер, т.б. ұйымдар олардың негізінде “КЭЦ”, “КРМТЦ”, т.б. АҚ-тарға және ЖШС-ларға біріктірілді. Тасбөгетте Қызылорда қаласының бірнеше кәсіпорындары мен өнеркәсіп салаларының бөлімшелері, базалары орналасқан. == Инфрақұрылымы == Тасбөгетте орта, орталау мектеп, мектеп, спорт және музыка мектептері, аурухана мен емхана, дәріханалар, спорттық кешендер, мешіттер, сауда орталығы, қонақ үйлер, т.б. нысандар жұмыс істейді. Кент жанынан (6 км) Орынбор-Ташкент темір жолы және Шымкент Қызылорда Ақтөбе автомагистралі өтеді. == Дереккөздер == Санат:Қызылорда қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері |
'''Ағартушылар мен академиктардың мүсін аллеясы''', Павлодар қ., (Ломов, 64). С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университеті бас корпусының алдындағы скверде 2003 ж. Павлодар облысы тумалары көрнекті қайраткерлердің мүсіндері орнатылған. Мүсіндер ікбұрыш субүріккішті жағалай екі қатар болып бір-біріне қарамақарсы орнатылған. Оң жақтағы мүсіндер: Бұқар жырау, М. Ж. Көпеев, Ж. Аймауытов, Е. Бекмаханов, Сол жакта академиктердің мүсіндері: Қ. И. Сәтпаев, А. Бектұров, Ә. Марғулан, Ш. Шөкин. Мүсін аллеясының симметриялық композициясын жеке тұрған С. Торайғыровқа арналған мүсін аяқтайды. Скверге кіру жерінде мынадай жазуымен гранитік тумба орын тапқан: Бүгіндегі жастарға оқу міндет, Тек қана оқуменен өнер білмек. Өнер-білім, адалдық, ар-намысты Жоятын надандық қой емсіз індет. Мүсіндер қоладан жасалған, қызыл гранитпен қапталған постаменттерде орнатылған. Мүсін аллеясы шығыс жақын, оның көзге түсер ерекшелігі экспозициялар гармониясы. ==Ескертулер== Әдебиет Павлодар. Павлодар облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар Ертіс өңірі) Санат:Павлодар сәулеті |
'''Ала қаптың аузын ашты''' қуанышқа кенелген сәтте соның белгісі ретінде ас-тағамның сақталған қорын ортаға салды дегенді, яғни той мен қуанышқа, қысылтаяң күндерге деп сақтап отырган құрт-ірімшігі, мейіз-науат, қарын мен бүйендегі май, жент сияқты тәтті-дәмдісін ортага салды, барын аямады, бәрін төкті, сырын аиіты деген мағынаны білдіреді. Қуаныш кезінде, үй иесінің кұрдастары қуанышымен құттықтай отырып, «ала қаптың аузын аш!» деп әзілдейді. Бұл үрдіс көптеген поэтикалық шығармалардың мәнді сюжеттерінің біріне айналды. Мысалы: Ала қаптық аузын аш, Ішіңе жиып сақтамай, Белгілі байтах, көп кеңес, Тосаңсып әлде қалғапба, Не қылып жатыр қаптамай Сондай-ақ ала қаптың аузын ашты ұғымы адамның ерекше қуанышын білдіретін когнитивтік метафоралық образ да. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды''' ортақ игілікті бөле жарып пайдалануга болмайтындығын меңзеген мәнге ие сөз орамы. Пареманың түптөркіні ала койдың жүнін қыркылған соң түсіне карай белек-белек жинап алу мүмкін емес екенін, шашылып кететінін білдіреді. Яғни қазақ қауымының тіршілігінің бірден бір кепілі ауызбіршілік екендігін білдіретін метафора. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Жетекші''', жорыққа қатысушылардың бастапқы сапын бастаушы әдетте жетекші топты басқаратын басшы адам немесе солардың қатарынан белгіленген тежірибелі туристік болады. Жорық уақытында қозғалыс қарқынын анықтап, қауіп-қатерсіз жол бағытын таңдап, қажет болған жағдайда жүру бағытындағы жолды күні бұрын дайындайды. Жол-жөнекей кедергілерден өтулеріне көмектесіп, демалатын жерлерді іздестіріп, жаяу жүру жорықтарының қашықтығын қадағалап отырады. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Еру жасау''', туристік топтың жорық кезіндегі демалысы, түскі тамақ, медициналық көмек көрсетуге қатысты қысқа уақыт көлемінде аялдап демалулары. Маршрут бойынша жүргеніндерінде қысқа уақыт көлемінде тынығып (қиын жолдардан өтіп шаршаған жағдайларында) әрбір 30-50 мин сайын 5-20 мин. аралығында демалуларына мүмкіндік беріледі; тамақ ішуге тоқтаған жағдайда 30 мин-тан 2-3 сағ. көлемде демалыс Қысқа уақыт демалатын жерді жорыққа қатысушыларға ыңғайлы және қауіпсіз жерлерде, ішімдік сулары бар бұлақтар басына, сонымен катар ашық жерлерге тоқтайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Еру''', Белгілі маршрут бойынша саяхатты жалғастыру тапсырысын орындау мақсатындағы бір күндік демалысты ұйымдастыру. Бір күндік демалыс кезінде туристік топ бір орнында қалып, нақтылы жерде орналасқан лагерді ауыстырмайды; егер туристер бір күндік саяхат жасап лагерлерін басқа жерге бұл "жарты күндік" еру деп айтылады. Бір күндік демалысты сапардың қиын-қыстау жолдарына дейінгі немесе одан кейінгі уақыттарында ұйымдастыруға болады. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Николай Николаевич Енин''' (1936-1984) СШ-і. Теміртау қаласындағы Қаз. Магниткасының металлургі. Жоғарғы категориялы таулы жорықтарды басқарған, соның ішінде 4-ші категориялы қиындықтағы (1965, 1975, 1976 ж), 5-ші категориялы қиындықтағы (1967-68, 1970-72, 1975, 1977, 1979, 1983-84 ж). Ол За және 36 категориялы қиындықтағы 19 асулардан жорықты басқарушы ретінде, соның ішінде асулардан алғаш рет өткен. == Дереккөздер == |
'''Алақан''' дәстүрлі түсінікте кез келген заттың кеңейіп, жалпақтау келген бөлігінің атауы. #Алқаның кейбір салпыншақтардың шынжырмен, топсамен байланысатын бөлек-бөлек күміс пластинка түріндегі негізгі болігі (толығырақ қ. Алқа). #Қамшының сабы мен өрімінің түйіскен жеріндегі жалпақ қайысы, яғни өрімнің басы. #Бұл айылдың ат төсі мен шабын орап түратын бөлігі. Оның бір басына айылбас, бір басына жырым бекітіледі. Ат денесін қажамау үшін алақан жұмсақ қайыстан немесе ызылған құрдан, сондай-ақ ірі қара терісінен тілінген таспадан оріліп жасалады. Ұшына айылбас (тоға) тағылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Алақан жаю''' бата бергенде, Құран оқыған сәтте отырған адамдардың оған назар аударып, тыныштық сақтай отырып, кос қолын жайып, алақанын бір-біріне жақындатып, саусақтарын түйістіріп ұстау жосыны. Бұл үрдістің мәні бата мен діни құлшылық ниеттері қабыл болсын деген мағынаны белдіреді. Аят немесе бата айтылып құптаған сәтте «әумин» дей отырып, оқылып болған соң «Аллану акбар!» деп бет сипайды. Қазақтардың дәстүрлі пайымы бойынша қол жайған кезде екі қолдың саусақтарының басы немесе екі алақанның арасы бір-біріне түйісіп тұрғаны абзал. Себебі, дәстүрлі наным-сенім бойынша, ырыс пен береке, жақсылық пен молшылыққа бастайтын құт сол алақанға тұрақтайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Алақан соқпақ''' көбіне бозбала мен жас жігіттер жиылып ойнайтын ұлттық ойын түрі. Ойыншылар шеңбер жасай жайғасады да, өз орталарынан бір адамды «хан» сайлап алады. «Хан» қолына арнайы орамалдан немесе ұзыншалап ұстаған киімді «арқан» етіп алып, ортаға шығады да, отырған ойыншылардың біреуіне келіп алаканын көрсетуін талап етеді. Қыз немесе жігіт өз алақанын көрсетеді. Сол кезде хан олардың алақанынан соғып, «Арқан қайда?» деп сұрағанда, жігіт өзі ұнатқан қызды көрсетеді. «Хан» көрсеткен адамға келіп, алақанын көрсетуін сұрағанда ол адам алақанын көрсетеді. «Хан» оны да алаканынан соғып, жоғарыдағы сұрағын қайталайды. Ол өз кезегінен басқа адамды көрсетеді. Сойтіп ойын ары карай жалғаса береді. Кей кездері екі қарсылас бірін- бірі көрсете береді де, «хан» олардың біреуі жеңілгенін мойындағанынша, демек қарсыластың біреуі көрсетуін доғарғанға дейін алақанын кезек-кезек ұра береді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
Флюорит '''Тасқайнар Флюорит Кендері'''– Жамбыл облысы Отар ст-ның орналасқан. 1963 ж. ашылған. Тасқайнар Флюорит Кендерін Оңтүстік Тасқайнар, Шығыс Тасқайнар, Аралық Тасқайнар, Өрікті, Ырғайты деп аталатын кендер құрайды. Олар Бесмойнақ синклиналдық белдемінің солтүстік-батыс бөлігі ернеуінің солтүстік-шығыс және меридиандық жарылыстарының қиылысқан жерінен орын алады. Флюорит ордовик пен карбонның арасындағы женттастарда шоғырланған. Т. ф. к-нің алғашқы үшеуінде жайпақ күмбезді кентас денелері бағытталып, ұзындығы 600 1200 м, ені 70 550 м, қалыңд. 43,7 м, флюоритінің орташа мөлшілері 30 34%, ал соңғы екеуіндегі линза пішінді кентас денелері солт.-батыс және меридиандық бағытта созылып, 100 180 тереңдікте және қалыңд. 0,75 18,6 болып келеді. Кендерінің жаралуы герцин кезеңінің аяғындағы магматизм құбылысымен флотациялық әдіспен байытылады. == Дереккөздер == |
'''Итшана жарысы''', ит жеккен шанамен жарысу Сібір жерін мекендеген көптеген халықтарда бұрыннан бар. Арасына уақыт салып барып итшана экипаждары бір күнде сөреге шығады. Белгіленген қашықтықты ең аз уақытта жүріп өткен экипаж жеңіске жетеді. Жол бойында шанаға жегілген иттердің алмастырылуы мүмкін. Мұндай жарыстарда бір ит айдаушы (машер) және бір иттерді үйретуші болады. Кейде осы екі міндетті бір адамның атқаруы мүмкін. Итшанамен жарыс кейде бірнеше жүздеген километр қашықтыққа созылып бәсеке әлденеше күнде өтуі мүмкін. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Қызмет иттерімен өткізілетін көпсайыс'''. Көпсайыс бағдарламасына итпен 600 м-ге жүру. 300 метрлік кедергілер алабынан жеңіл атлетші үшін тосқауыл, тұтас дуал, гранатты нысанаға лақтыру, еңбектеп өтілетін алап, окоп, бум, өту, пневматикалық винтовканы нысанаға ату кіреді. Көпсайыс 1975 жылдан бастап спорттық классификацияға енді. 1978 ж. КСРО чемпионатында Қазақстанның құрама командасы көпшілік күтпеген жағдайда 5-орын алды. Сол уақыттан бастап команданың жоғары өрлеуі басталды: 1979 және 1980 жылдары 3-орын жылдардың таңдаулы спортшыларының қатарына жарыстар арасындағы бүкілодақтық спорт ойындары мен КСРО чемпионатында С. Яковцев абсолюттік чемпионы, В. Филлер 1981 ж. 2-орын алып енді. Үздік ондықтың қатарына Қазақстаннан бірден үш спортшы кірді: В. Филлер, В. Хасанов, М. Причина оларға теңдесетіндер болмады. Осы жылдардың бәрінде құрама команданың жаттықтырушысы В. Приходько болды. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Тазылар жарысы''', кейде 10 иттің арасында өткізіледі. Жарыс қашықтығы 230-дан 1200 ярдқа дейінгі аралықты құрайды. Иттерді тордан босатқаннан кейін олар тректе тұлыпты қуалай бастайды. Спорттың осы түрінде ұтыс жүйесі қарастырылады, ал жеңімпаздарға жүлделер тапсырылады. Айдаушылар басқаратын иттер командалары арасында өтетін жегілген иттердің шанамен жарысы командалар уақыттың белгілі бір аралығында сөреден шығады. Қашықтықты ең қысқа уақыт ішінде жүгіріп өткен команда жеңіске жетеді. Жарыс өтетін жер мен қашықтыққа байланысты жегілген иттердің санын езгертуге болады. Тізгінді шығыршықпен жалғастыратын карабин сегіздік түрінде иілген жартылай дөңгелек серіппелі болат темірден тұрады. Карабиннің бөлігін оны өздігінен ашылып кетуден сақтайтын, серіппені қысу арқылы ашылады. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Ұлттық намыс''' ар-ож-даннан бастау алатын, отан- сүйгіштікпен ұштас, рухани- құндылық сезім. Ұлттық намыс адамның ұлттық құндылықтарының маңызын түйсінуден туындап, халқының мұң-мұқтажын түсініп, туған елін корғауымен сипатталады. Ұлттық намыс намыстың негізгі көрінісі адамның туған еліне төл мәдениетіне деген кұрметінен байқалады. Намыс адамның өзіне етене жақын дүниесінің, ұлттық рухани мұраларының қадірін білуімен оның құрамдас бөлігі ұлттық намыстың этностың рухани өмірінде өзіндік зор маңызы бар. Ұлттық намыс ұлттың өзіндік менін, өткен тарих тағылымын ұмытпай, ар-ожданын таптатпауы үшін керек. Елдің зиялы қауымының қайғысы күнкөріс тіршілік қамынан аспай қалуы Ұлттық намыстың әлсіреген әлжуаз күйін көрсетеді. Ұлттың ұйтқысы, ақыл-ойы мен нақты айғағы ғылыми және шығармашылық қауымның туындыларынан көрініс береді. Бұл шығармалар халықтың қайратын жанып, ерлігін дәріптеп, елдің еңсесін көтеруге қызмет етеді. Сондықтан ұлттық намыстың қозғаушы күш-қуатын әдеби мұралардан: батырлық жырлардан, тарихи жырлардан, соларды арқау еткен тарихи шығармалардан айқын көреміз. Ұлттық намыс елдің ұлттық тұтастығы, рухани бірлігіне қызмет жасайтын, елдікпен егіз ұғым. Елдікті ардақтаған ерлер есімі ел намысын қорғаушы, сонымен қатар халықтың бірлігі, ел іргесінің бүтіндігі үшін күресуші ретінде ел есінде қалады. Қазақтың көне тарихын айтпағанда қазақ хандығы тарихындағы Қасым хан, Тәуекел хан, Есім хан, Салқам Жәңгір, Абылай хандар ұлттық намыстың жоқтаушысы болған, елін, жерін сүйген ақылға кеніш, ерлікке кемел тұлғалар. Олар ұлт игілігіне қызмет жасап, дұшпаннан қорғап, ұлысының өрісін кеңейтті, тәуелсіздігін қамтамасыз етті. Ұлттық намысты сақтаудың үлгісін елді сыртқы жаулардан қорғаған батырлар да көрсеткен. Кейіннен елдің рухани серпіні көркем сөзден бой көрсетіп, Бұқар жырау, Махамбет бастаған отаршылдыққа қарсылық ұраны, азаттық жыры Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір жырларына өзек болған. Бодандық ахуал, Абай шақырған жаңғыру, өркениет көшіне ілесу идеясы Ұлттық намыстың айрықша көрінісі, яғни ұлттық тұтастыққа ұмтылған, рухани серпіліс беріп көкірек көзін ашқан қуатты құбылыс еді.Ұлттық тәуелсіздік мәселесін бірінші орынға қойып, саяси күреске толы төңкеріс жылдарында бел шешіп күреске шыққандар Алаш арыстары болды. Ұлттық намысын қорғаған осы күрескерлердің көтерген ұлттық мәселелерінің қай кезенде болсын өзектілігін жоймайтыны бүгінде дәлелденіп отыр. Демек Ұлттық намыс халықтың мәңгілік құндылықтарын сақтаудың кепілі. ==Дереккөздер== Санат:Тарих |
'''Ұлттық рух''' халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-куаты. Ұлттық рух жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық төлсанасы арқылы бағамдауы заңды құбылыс. Сондықтан жеке адамның таным терезесі ұлттық таным тұрғысынан, әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, рухани игіліктерге өз үлесін қосады. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі, ділі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат болмағандықтан, Ұлттық рухтың көрініс беруі ұлт өкілдерінің көркем халық даналығынан, ғасырлар бойы сабақтастығын үзбеген рухани мұраларынан көрінеді. Әрбір ұлттың өзіне тән ұлттық рухы бар дегенде, оның өзі жайлы дүниетанымынан, дүниеге көзқарастары мен мінез-құлқынан, даму, өзгеру, кейде әлсіреу, яғни үнемі қозғалыс үстіндегі құбылыс екенін аңғарамыз. Ұлт болып ұюдың өзі этностың мекендік және мезгілдік факторларына байланысты болуымен қатар, оның табиғи, тарихи, рухани бітім-болмысы, ұлттық санасы, ділі, мінезі, мәдениеті, мұрат- мүдделерінің қалыптасып, тұлғалануы үздіксіз процесс және ұлттық рухтың түлеп-толысып отыратын өміршеңдігінің көрінісі. Ұлттық рухтың буырқана бой көрсетер тұсы бодандық бұғауына қарсылық, тәуелсіздік мұратына ұмтылыс сәті болса, сол кезеңдерде қордаланған көркем рухани мұралардың ерлікке, елдікке үндер күш-қуатының маңызы бұғаудан босанып, болашаққа бет түзеген, баянды бағдарын айқындаған ұлттар үшін де зор. ¥лттың рухани тәжірибесін үшін мол мағлұмат беретін басты байлығы оның сөз өнері. «Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды» деп А.Байтүрсынұлы айтқандай, Ұлттық рухтың көркем образдар арқылы бедерленуі қазақ әдебиетінен көрінеді. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ этнографиясы |
Кабади Азия елдерінде көп тараған күрес пен регбидің элементтері бар спорт түрлерінің бірі. Оның күрестен айырмашылығы командалық ойын, регбиден айырмашылығы ойын кезінде доп пайдаланбайды. Әр команда жеті спортшыдан тұрады. Алаң екіге бөлініп бір жағы шабуыл жасаушылар, екінші жағы қорғанушылар болып белінеді. Әр командадан бір спортшы рейдер топ жетекшісі белініп шығады. Ойын басталған кезде рейдер алға ұмтылып қорғаныстағы команданың неғұрлым көп ойыншыларына қолын тигізуге ал қорғанушылар рейдерді ұстап алуға тырысады. Егер ұстауға мүмкіншілік бермесе рейдер өз командасына қосылады. Келесі шабуылдау кезегі екінші командаға келеді. Ойын әр тайм 20 минуттан екі таймға созылады. Регбидің қолы тиген спортшы ойыннан шығарылады. Кабадидің екінші түрі уакытты есептемей қашан спортшылардың барлығы алаңнан шығып біткенше ойынды жалғастыра береді. Аламар атты түрінде спортшылар алаңнан шығарылмайды тек ұпай есе береді. Кабади Үндістан мен Пәкістан жерінде шамамен 4000 жылдай бұрын белгілі болыпты. Бұл қызықты спорт түрі 2002 ж. Оңтүстік Кореяның Бусан қаласында өткен XIV Азия ойындарының бағдарламасына енді. == Дереккөздер == Санат:Спорт түрлері |
'''Ермек Елеуханұлы Үкібаев''' (13.07.1965 жыл, Оңтүстік Қазақстан, Кентау қаласы), қазақ, генерал-майор. ==Білімі== И.В.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1986 жылы) бітірген. Л.Н.Гумилев атындағы Дипломатиялық академиясын бітірген (2004). ==Өмірбаяны== Германиядағы кеңес әскерлері тобы 2-гвардиялық танк армиясының мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкінің взвод командирі (1986-88); Әскерлердің батыс тобы 2-ші гвардиялық танк армиясының мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкінің рота командирі (1988-91); батальон командирінің орынбасары штаб бастығы (1991-92); Қазақстан Республикасы Ұлан бригадасы шұғыл мақсаттағы батальон командирінің орынбасары штаб бастығы (1992-95); ҚР республикасы Ұлан бригадасының үкімет күзеті батальонының командирі (1995 жылы); ҚР республикасы Ұлан 0112 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары штаб бастығы (1995- 96); ҚР Президентінің күзет кызметінде әскери қызметте (1996-2002); Президенттің күзет кызметінің бірінші департамент бастығының орынбасары (2002-05); Президенттің күзет қызметі бастығының орынбасары бірінші департамент бастығы (2005-06); 2006 жылғы 23 қаңтардан республика Ұлан қолбасшысының бірінші орынбасары. ==Марапаттары== II дәрежелі «Айбын» ордені, медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:13 шілдеде туғандар Санат:Қазақстан Санат:Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі түлектері Санат:Гумилев атындағы Дипломатиялық академиясы түлектері |
'''Үмбетей Байсейітұлы''' (1717-1814) батыр. Орта жүз ішінде арғын тайпасынан әкесі Бәйсейіт жас кезінде-ақ осы ұлына көп көңіл бөлген. Жастайынан атқа үйретіп, он жасында жарысқа, күреске, көкпарға қатыстырған. Ол ерекше жүректілігімен көзге түскен. Сол уақыттың өзінде көрші тұратын ел бір-біріне шабуыл жасап, тонап, малын айдап кетіп отырған. Бабамыз осындай шайқастарда, ерлігімен көрініп, ел малын талай рет аман сақтап қалып отырған. Сондай шабуылдың бірінде Үмбетей Бабамыз Қалмақтарды да жеңген. Әкесінен үлгі алған, тәрбиесін көрген Үмбетей елінде, көрші халықтардың алдында беделі өсіп, одан тараған ұрпақтар “Үмбетей деген ру атанған. Үмбетейдің әйелінен 29 ұлы болған. Олардан тараған ұрпақтар бүгінде «Үмбетей руы» деп аталады. Үмбетей Ахмет Байтұрсыновтың арғы атасы болып келеді. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:Тұлғалар |
бүкілодактың алдымен кәсіподақ ұйымдары бар барлық бастауыш дене тәрбиесі ұжымдарында заводтар мен фабрикаларда, кәсіподақтарда, оқу орындарында, мекемелерде кәсіподақ ұйымдарында өткізілді. Бұл жарыстарда барлық ерікті спорт қоғамдарында есепте тұратын спортшылар түгелдей қатысты. Жарыстар 1932 ж. Ленинград (қазіргі қаласында ұйымдастырылған болатын. Кейін күллі елге тарап әрбір төрт жылда қысқы және жазғы спартакиадалар өтіп тұратын болды. КСРО-ның құлауына байланысты бұл өткізу де тоқтатылды. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
командапық ойын. Әрқайсысының өз алаңы бар командалар еркек, әйелден тұрады. Қазір Бельгия мен Голландияда ғана алаң үш аумаққа бөлінеді. ''Ойынның мақсаты:'' қарсы жақтың алаңына орналасқан шығыршыққа допты көбірек түсіру. Ойын кезінде қарсы команданың спортшысына жанасуға, соқтығысуға рұқсат етілмейді және допты өз әріптесіне, шығыршыққа дәл тастау жоғары бағаланады. Алаңның көлемі жабық залда 60x30, ашық залда 40x20 м., доптың шеңбері 68- 71 см., салмағы 425-475 гр. Ойын арасында 5-15 мин. үзіліс бар әрқайсысы 30 минуттық таймнан тұрады. Корфболды гандбол мен баскетболдың элементтері бар шапшаң әрі күрделі ойын деп атауға болады. нобай == Дереккөздер == Санат:Спорт түрлері |
'''Тасөткел бөгені''' Жамбыл облысы Шу ауданы жерінде, Ақсу өзенінің Шуға құйылатын тұсында орналасқан. 1963 жылы іске қосылып, 1974 жылы қайта жөнделген. == Гидрологиялық сипаты == Ауданы 78 км2, ұзындығы 18 км, енді жері 8,5 км, орташа тереңдегі 8,0 м, ең терең жері 31,0 м. Шарасы толған кездегі мөлшері 620 млн м3. Су жиналатын алабы 27 мың км2. Бөген арқылы аудан 42,1 мың га жері суарылады. Бөген Қазақстанның маңызды мелиорациялық құрылыстарының бірі. == Дереккөздер == Санат:Жамбыл облысы гидрографиясы |
'''Михаил (Мамашариф) Гиясович Фаязов''' (15 маусым 1925, Тараз қаласы 30 қазан 1990, Наманған облысы) 2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы, гвардия лейтенанты, взвод командирі. Өзбек ұлтынан шыққан. Орта мектепті бітіргеннен соң малдәрігерлік техникумда оқыды. Кеңес әскері қатарына 1943 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз қаласы) ауданы әскери комиссариатынан шақырылды. 1944 жылы Ташкенттегі кіші лейтенаттар дайындайтын училищенің жеделдетілген курсын бітірді. 175-гвардиялық атқыштар полкінің (5-гвардиялық армияның 58-гвардиялық атқыштар дивизиясы) взвод командирі Фаязов 1945 жылдың 23 қаңтарында Одер өзенінен өту кезінде ерлікпен көзге түсті. Бұл кезде ротаны басқарған Фаязов өзеннен өтіп, арғы жағалауға плацдарм құрып, одан әрі жаудың штабы орналасқан екі елді мекенді басып алды. Неміс-фашист басқыншыларымен болған ұрыстарда көрсеткен ерліктері мен батылдығы үшін Фаязовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (27.06.1945). Соғыстан кейін бірнеше жыл Кеңес әскері қатарында болды. 1948 жылы аға лейтенант Фаязов запасқа шықты. Ташкенттегі Жоғары партия мектебін бітірді. Отставкадан кейін майор Фаязов Өзбекстандағы Наманған облысы Чует қаласында тұрып еңбек етті. Ол сондай-ақ Ленин, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО майорлары Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары |
'''Ферғана көтерілісі''' 1875 жылғы жазда Ферғана өңірінде Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған халық қозғалысы. Оған Қоқан хандығының соңғы билеушісі Полат хан басшылық етті. Ол көтеріліске бүкіл Түркістан өлкесі халқын тарту мақсатында өзінің сенімді өкілдері арқылы қауырт үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Ферғана өлкесінде тұратын өзбектерге қоса, қырғыздар мен Шымкент және Әулиеата аймағындағы қазақтар да көтеріліске қатысуға ниет білдірді. Қазақтар қырғыздың солты және сарбағыш руларымен бірігіп, өздерінің қолбасшысы етіп Қожа датқаны тағайындады да, Полат ханға келіп қосылды. жалпы саны 50 мың адамнан асты. Көтерілісшілер жасақтары орыс отаршыларының әскери бекіністеріне жиі-жиі шабуыл ұйымдастыруды қолға алды. Түркістан өлкесінің көтерілісті басу мақсатымен Ферғана өңіріне Ташкенттен генерал Головачев пен полковник Скоблев бастаған жазалаушы отрядтарды аттандырды. 22 тамызда Махрам елді мекенінің маңында 2500 адамнан тұратын жазалаушылар шешуші шайқас бастады. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, 1200-дей адамынан айрылды. Жазалаушылардан бар-жоғы адам қаза тапты. Көтерілісшілер оңтүстікке қарай шегініп, тау шатқалдарын паналады. Сол арадан орыс әскерлеріне тұтқиылдан шабуылдар жасауды жалғастыра берді. Алайда көп ұзамай көтеріліс бәсеңдеп, тоқтатылды. Бірақ бұл Ферғана өңірінің отаршылдық саясатқа мойынсұнуын білдірмейтін еді. Бұл өңірдегі осындай кезекті ірі көтеріліс 1898 жылы болып өтті. ==Дереккөздер== Санат:Өзбекстан тарихы |
'''Ат жарыс''' көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойынының негізгі түрі, қауымның мәртебесі мен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламан бәйгемен бірге тай, құнан, жорға жарысы өткізу үрдіске айналған. Ертеректе аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар таң сәреден айдалып, ат шабар бала сусын, айран-шалабын ала жүретін болған. Қалыптасқан дағды бойынша, әрбір үлкен жарыс, той, астарда оны ұйымдастыратын арнайы топ алдын ала сайланады және оған әр рудан, атадан өкілдер енгізілген. Бәйге кезінде қарақұрық болмауы үшін білікті бірнеше адам жарыстың әділ өтуін қадағалайды. Сайыстың билігі сыйлы деген екі ақсақалға жүктеледі және оның бірі көмбеге, екіншісі мәреде міндетті жауапкершілігін атқарады. Тағайындалған адамдардың басшысы кіреші бас төрешінің рөлін атқарған. Бәйге атын мінетін баланы атшабар бала немесе шабандоз, сәйгүліктерді айдап, реттілікті сақтатып, мәреден жердей біркелкі жіберушіні aт айдауыш, ұстаушыларды даяғашы дейді. Жарыстың басталатын межесін aт жіберетін жер немесе мәре, ал жарыс аяқталатын, яғни ат ұсталатын межені көмбе деп атайды. Көмбеге ат тосуға ыңғайлы, айнала толық көрінетін биіктеу төбе, қырат, төскей жер таңдалады. Ат жарыс басталар алдында қолдарына, басына қызыл орамал байланған, бақан ұстаған, ат айдаушылар айқайлап, жар салады және мұны ат шығару деп атайды. Бәйгеге қосылатын аттар келіп тізіліп өткеннен кейін, бәйгеге жауап беруші төреші ақсақал қанша ат жиналғанын, бәйгеге тігілген сыйлық мөлшерін, бәйге қашықтығын т.б. хабарлайды. Сол жер көмбе, сөре деп белгіленіп оған қарақшы тәрізді етіп қарауыл тігіледі. Ат жиналып, есепке алынған кейін ат айдаушы барлық сәйгүлік аттарды жиналғандардың алдынан бастап ертіп өтеді. Бәйгенің басталар орнына аттарды шашау шығармай жайлап айдап апарады. Бұл үрдісті ат айдау деп атайды. Аламан бәйгелерде шабандоздар мәреге бәйгеден бір күн бұрын кешкі салқынмен жіберіледі. Олар жол-жөнекей аяқ суытып түстеніп, асықпай жетеді. Аттарды мәреге жеткен сон ат айдаушы шабандоздарды бір сызықтың бойына қатарластырады. Берілген белгіден кейін олар көмбеге қарай лап қойып, шаба жөнеледі. XIX ғасырда орыс жазуына ден қойсақ, аттар көмбеге шауып келгенше, күрес және т.б. ойын-сауық өткізіледі. Әлбетте, алыстан шаң көтерілген соң ат көмбеге жақындайтын шақта қауымның үлкендері арбада, қалғандары атты-жаяулы көмбеге жақын жиналып тамашалайды. Шауып келе жатқан аттың атшабар шабандозын руластары мен бапкерлері қиқулап дем беріп, ұран тастап айқайлап, егер алдын ала келісілген ережеде рұқсат етілсе атының жеңіске жетуіне жәрдемдеседі, яғни басып жетектеп, атпен тартып, мәреге сүйрейді. Н.И.Гродековтың жазуына қарағанда, көмбеге жеткен бала басындағы бөрігін, орамалын көмбеде тұрган төрешіге лақтырады. Ат үстіндегі бала қарауылдан еткенде әрқашан рудың ұранын шақырып атойлап өткен. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ат кекілін кесу''' қазақы ортадағы әдеттік құқықтық қатынасты реттейтін ғұрыптық мәні бар үрдістің атауы. Адамаралық, тіпті, руаралық қатынастар мүлдем үзілді дегенді білдіретін ғұрыптық шара. Бұндай құбылысқа бірден бір себепкер адам өлімі болды. Құныкер (кісі өлтіруші) жақ пен құн талап етуші (кісісі өлген) жақтың ешбір бітімге, тоқтамға келе алмаса, тараптар екі араларына ұзып ала арқан тастап, бір шетке өлген жігіттің мінген атын әлеміштеп, тұлдап әкеліп байлайды. Егер құн талап етуші жақ құныкердің төлеген құнына келісе алмаса, ат кекілін кесу арқылы «жалға- жан, қанға-қан» деген кек алуға көшкендігі туралы белгі береді. Ол үшін кекілі кесілген аттың шолақ кекілін шоқтап, түбінен буып тастайды. Ат кекілін кесудің тағы бір түрі ағайын-туыс, құда-жегжат, дос-жаран арасында «бетке салық, сүйекке таңба» түссе немесе бір біріне «кешпес жамандық» жасаса, кінәлаушы уәжі орынды жақ қарсы жақтың ішіндегі айыпкердің мініп жүрген атының кекілін кесіп әкетеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ат құйрығына тану''' байырғы дәстүрлі құқықтық жазаның ең ауыр түрі, ауыр қылмыс жасаған айыпты деп танылған адамды ат құйырығына байлап өлтіру. Ертеректе мұндай жазаға дәстүрлі ортада қауымның (ру, әулет, ата) абыройына нұқсан келтірген, дәстүрлі қатынас нормаларына жат, өрескел әрекетке барған айыпкерлер кесілді. Мұндай жаза билер сотының шешімімен жүзеге асты. Яғни ат кұйрығына байлап өлтіруге бұйырылған. Осы жазаға сәйкес қылмыскер аяқ-қолы байланып асау аттың құйрығына байланды. Жаза мейлінше ауыр болғанымен, ата-баба жолының ілкімді принциптері мен нормаларының сақтаудың әдеттік құқықтық тиімді тәсілдердің бірі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ат майлау''' атты үнемі баптап, мініске дайын етіп бабында ұстау. Қазақы ортада барымташылар, мал ұрлайтындар ұзақ жүріске шыдайтын етіп ат баптаған. Осы іспен арнайы шұғылданатын адамды aт майлаушы деп атаған. Кейінгі кезеңдегі экономикалық өзгерістерге байланысты ат майлаушы белгілі бір пайда табудың (яғни «мал табарлыққа») айналып, жалға берудің түріне айналған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ат ойнату''' дәстүрлі ортада ауылға, біреудің иелігіне атпен шауып келіп, айғай-шу, дау-жанжал шығарып, сес көрсетуді білдіреді. Ат ойнату әдеттік құқық бойынша ауыр қылмыс болып есептелген. Өйткені, мұндай қылық көшпелі ортада атпен жүрудің қалыптасқан этикалық нормалары мен қағидаларын өрескел бұзу болып табылады. Яғни ауылға төтенше атпен шауып кіру, жөнсіз атойлау ауылдың тыныштығын бұзу ретінде бағаланды. Іс насырға шапқанда ауылдың, тіпті, рудың ақсақалдарының ұйғарымымен айыпкер қатаң жазаланған. Яғни айыпкер ат-шапан немесе бір тоғыз деп аталатын айыпқа, тіпті, одан да көп мөлшердегі айыпқа кесілген. Ат ойнатудың ең ауыр қылмыстардың бірі деп есептелетін көшке тию деп аталатын тағы бір түрі бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ат ойындары''' атқа байланысты ұлттық ойын түрлері. Яғни aт жарыстыру (бәйге түрлері бірнешеу), жорға жарыстыру, қыз қуар, көкпар тарту, аударыспақ, ат үстінде садақ тарту (жамбы ату), теңге ілу, ат омырауластыру, атты ордан қарғыту, мүше алып қашу, тай жарыс, құнан жарыс, тоқбәйге және тағы басқалар. Қазақтар тойларда өткізілетін әртүрлі ойын-сауықтарда ат үстінде сан алуан өнер көрсеткен. Ат құлағында ойнаған көшпелілерде жылқы негізгі көлік және түрлі шикізат көні болғандықтан, жеке мініс аты жоқ, жылқысы жоқ адам болмаған. Сондықтан, ер қанаты aт демекші, жақсы aт жеті қазынаның біріне саналып, көшпелі өмірде аса маңызды орынға ие болды. Шабандоздардың иесінің ниетін дәл сезетін арнайы көкпар аттары болды. Ал жүйрік пен жорға ұстау үлкен мәртебеге саналды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ат ойыншық''' ертеде тастан қашап жасалған бала ойыншығы. Р.Карутц еңбегінде қазақ балаларының жұмсақ жынысты тастың бір кесегін жылқы пошымына келтіріп қашап ойып жасайтыны туралы баяндалады. Атты тастан, саз балшық, сүйектен жасалады. Артқы тұсына аттың құйрығы іспеттес бірнеше қылды топтастырып, ықшамдап бекітеді. Үстіне ат жабуға ұқсастырып мата жабылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақта''' қойшының асы. Ертеде қойшылар далада сиыр сауып ақта істеген. Олар сүтті қарынға құйып оның құрамын ауа шығып тұруы үшін екібасын шапқан жілікті ауыз тұсқа түтік ретінде орналастырады. Содан кейін жеpre көміп, үстіне от жағып пісіреді. Тасты ысытып алып, ко салып дайындалған осыған ұқсас түрі қорықтық деп аталады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Таспа''' (''Таспашөп'', ''Сеңгірлек'', () бұршақ тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін, бұта, бұташық өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында тараған мыңға жуық түрі бар. Бұдан малдың жеуіне жарайтындары 70 шамалы. Соның ішіндегі бастылары: ақбас жоңышқа, қоңырау, тарбақ, ақтаспа, арам жоңышқа, сиыр жоңышка, түлкімасақ, ақшатай, сортаспа, кендірмасақ, таутаспа, сұлы масақ, қасқыр масақ, тарбақай, леман, жіп таспа, сабын таспа, ақ тікен, ала таспа, май таспа және тағы басқалар. Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін 314 түрі белгілі. Қазақстанда Таспаның 75 түрі эндемиктер, 11 түрі өте сирек кездеседі, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Шалғынды далада, шөлді жерлерде, қиыршық тасты тау баурайында, құлама топырақ шөгіндісінде өседі. Биіктігі 15 100 см, сабағы түзу, түкті. Жапырағы сыңар қауырсын пішіндес. Тостағанша жапырақшалары түтік не қоңырау тәрізді. Гүлі сары, қызыл, ақ, кейде сарғыш түсті, олар шашақ, көбінесе масақ немесе шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Сәуір тамызда гүлдеп, шілде қыркүйекте жеміс салады. Жемісі бұршақ, екі, кейде бір ұялы. Таспаның көпшілік түрі мал азықтық және дәрілік өсімдіктер, біраз түрі қолдан егіледі. Құрамында алкалоид, глюкозид не сапонин болады, улы түрлері де бар. Геодезияда сызықтың ұзындығын тұрған орнында өлшеуге арналған геодезиялық аспап. Таспаны болаттан немесе ені 15 20 мм, қалыңд. 0,3 0,4 мм және ұзындығы 20 50 м, кейде 100 м-ге дейін жететін инвардан жасайды. Өлшеу дәлдігі жер бетінде тікелей бөлу кезінде 1:1000-нан 1:3000-ға дейін, өлшеудің басқа әдістерінде 1:20000 және одан жоғары болады. == Дереккөздер == Санат:Бұршақтар тұқымдасы |
'''Ат тағалау''' көбінесе мініс және жорық аты тұяғының табанына тағаны шегемен бекіту үрдісі. Яғни тек алыс жолға немесе қыста мінілетін аттарды тағалайды. Қыстыгүні тағалы ат мұз бен тоңда таймайды. Кейде жұт жылдары да тай және құнан сияқты жас жылқыны өзіне шақ тағамен тағалайды. Ат тағалау таулы-тасты күдір жерлерде аттың табанын тас бату, «тасырқаудан» (ат тұяғының желінуден ақсауы) жараланудан сақтайды және аттың нық жүруін қамтамасыз етеді. Яғни тағаланған ат «ет сақтайды» (азбайды), арымай бір қалыпта жүреді, тастақ жерден батыл өтеді. Фольклорлық дәстүрде Мөңке би айтқан екен деген сөз сақталған: ''Арғымақтың аяғы, ''Айдай таға қағылса, ''Кілегей мұздан таяр ма. Қазақ сейсенбі күнді ат тағалауға сәтсіз күн дейді. Сәтті күндер ретінде дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндерді таңдайды. Осы күндердің дәл түс кезінде тағалағанды жөн көреді. Тағалайтын күні атты суаруға болмайды. Себебі ат тұяғы шеге қаққанда жарылып кетуі мүмкін. Ат аяғын жаңа соғылған немесе бұрын пайдаланылған тағамен де тағалай берген. Ат тағалау үшін ең алдымен аттың тұрасының табаны кедір-бұдыр болса жонып, егер маймақ немесе қаратұяқ өскен болса, жылқының тұяғын шотпен шауып тегістейді. Ал табанның жүрекшесі кесілген болса, тұяғының астына жұмсақ зат салуға да болады. Егер тағаның тесігі сыртына қарай қиғаш бітсе, онда шеге тұяқтың тұрасын тесіп кететіндіктен ол тағалауға жарамсыз деп есептелінеді. Тағаның шегесі сәл имектеу келеді. Сол имек жағын ішіне қаратып қағылады. Шеге дұрыс қағылмаса жарақаттап, ат сүріншек болады. Егер атты жығып тағаласа, алдымен астыңғы екі аяғынан бастаған қолайлы. Алайда, артқы аяғынан бастап тағалайды. Шеге қағудың да өз тәртібі бар: әуелі тағаның маңдай шегесін, онан соң шеткі екі шегсесін, ең соңында ортасындағы шегені қағады. «Тағашы тағашы емес, ұстаушы тағашы» деген сөздің мәні жылқы ұстаушының міндетінің өте жауапты екендігін меңзейді. Жылқыны жығып байлаған соң, ұстаушы адам аттын аяғын тізесіне қойып, табанның жүрекшесінің артынан екі бармақпен тіреп тұрып, буыннын қозғалмайтындай етіп балға мен төске қарсы берік қаусыра ұстайды. Тағалаушы тағаның шетесін балғамен сілки ұрады. Шеге кірген сон басын тістеуікпен қиып тойтарады. Ең соңында мінер жақ аяқтың алдыңғы орта шегесі қағылады. Aт аяғының қасаң таға қалса, тұрада шеге қалды деп оны алып тастайды. Тағалап тұрғызған соң ат денесімен сілкінсе онда тағалаудың баянды болғаны. Содан кейін атты біраз жерге жетектеп жүргізеді. Егер ат аяқтарын ауырсынбай бүгежектемей нық басып жүрсе, оның дұрыс тағаланғаны деп есептеледі. Ат тағалаған кезде тұяқтың тұрасына шегенің тиген-тимегенін жіті бақыламаса, кейін тұрасы іріңдеп ат ақсап қалуы мүмкін. Ондайда шегені суырып, тесікке сақар деп аталатын қара сабын дайындайтын шикізат енгізсе, іріңді айдап шығады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақтабан етік''' табанына ақ түсті сапасы төмен ұлтан салынған ер адамның қисық табан аяқкиімнің атауы. Табанындағы ұлтанға байланысты ақтабан етік аталған. ҚР МОМ қорындағы (КП 26300/7) Ақтабан етік қара былғарыдан тігілген қонышы мен өкшесі бірге, ал керсені (басы) жеке пішілген, іші коңыр терімен астарланған. Қонышының алды 36,5 см, арты 32,5 см, табанының тұрқы 30 см, ені 9,5-11,5 см, өкшесі аласа. Өкшесінің ішкі жағына сірі қабатталып салынған. Табанына, өкшесінің жербасарыңа сегіз қабат ұлтан, сондай-ақтемір тақа салынып, шегемен бекітілген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақтабан сойыл''' көп ұсталып, қолдың табы көп түскендіктен ағарып кеткен ұрыс, әрі қорғаныс қаруы есебінде қолданылды. Әдетте, қайың немесе емен сияқты төзімді де, мықты ағаштан жасалынды. Қамшысы бар білектей, Айбалтасы күректей, Сойылы бар ақтабан, Бәйгесі бар баптаған, Жылқышыға сенеміз. Сонымен бірге, ақтабан сойыл мал шаруашылығының барлық салаларында да қолданыс тапты. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Аттұмар''' магиялық, мистикалық сенімдерге негізделген, тіл-көзден сақтайтын ат мойнына тағылатын фетиштік зат, тұмар түрі. Құран аяттары жазылған дұға немесе жеті түрлі зат салынған тіл-сұқтан сақтайтын заттар жібек, қымбат матадан, күдері былғарыдан үшкіл пішінде жасалған тұмар қаптың ішіне салынады. Оның ұзындау келген ілетін немесе байлайтын бауы, әсемделген шашақтары, күміс шытыралары болады. Кейде аттұмар қаптары арнайы металдан жасап, күміс қақтаған құты пішінде жасалады. Аттұмарды жүйрік жорға сияқты «жанына балаған» құнды атымен топ адам жиналған жиын-тойға барған кезде ат мойнына таққан. Ауызша мәліметтерге қарағанда аттұмар жүгеннің кекілдігіне, сағалдырығына немесе өмілдірікке тағылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ат тұяғын тазалағыш''' мініс атының тұяғын тазалауға арналған теміртектен жасалған құрал. Саз, балшықты қиыршық тасты өңірлерде ат табанына саз балшық жабысып, ол тұраның жүрекшесін, жұмсақ еттерін зақымдамас үшін ат тұяғын тазалайтын құралмен ыршып, сүртіп тазалайды. Көбінесе жазғытұрым және күзге қарай жиі тазаланады. Тазалаған кезде жарақаты болса, сақар тығып, тоңмай жағады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақтай құда''' екі адамның әйелдері бір мезгілде екіқабат болып, босанбай тұрып, кұдаласу түрі. Олар «егер сенің әйелің қыз туып, менің әйелім ұл туса немесе керісініие, менің әйелім қыз туып, сенікі ұл туса екеуміз құда болайық» деп сәбилер тумай жатып-ак өзара келісе береді. Мұндай құдаласу түркі қазақ әдеби тілінде ежеғабыл деп аталады. Құдандалықтың бұл түрін бесіккертті құда деп те атайды. Ақтана күмістен жасалған дөңгелек әшекей түйменің түрі, бірақ кәдуілгі түймеден үлкендеу, дөңгелек пішінді, жалтырап тұратын әшекей. Тана көбіне әйел киімдеріне тағылады. Зергерлер әрнектейді ақ тананы, Жақсылар өнеріне мақтанады, деген айтыс жолдары тананың әшекей бұйымдарының ішіндегі бірегейлердің бірі болғандығын айғақтайды. Ақтананың жасалған материалы мен техникасына қарай алтын тана, ортасында тасы барын көзтана, сүйектана немесе сіркелі тана деп атаған Ақтананың бұдан басқа да алуан түрлері болды. Сонымен бірге, бұл бұйым қазақтың дәстүрлі отбасылық мәдениетінде түрлі ғұрыптық инициациялық рәсімдерді атқарудың қажетті атрибуты болды. Мысалы, отбасылық-неке салтында қалындық айттырып, құдандалыққа келісу барысында жігіт жағы қалындық қыз жастау болса, сырға орнына ақтана таққан. Бұл қыздың жас та болса айттырылып қойғандығын айғақтайтын символ. Қазақы ортада осы әшекейдің эстетикалық әсемдігін жоғары бағалағандығы сонша, қыздың жәудіреген көзін «тана көзге» теңеген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ат шана''' қысты күні қар, мұз үстінде жүру үшін атқа жегілетін көліктің атауы. Ат шананың сүйегі жеңіл болу үшін қайың, емен, тал тәрізді төзімді, иілгіш, берік ағаштардан құрастырылады. Жерге үйкелетін табан бөліктері темірмен қапталады. Жердегі кедергіге тіке соқтықпас үшін, ат шананың табан ағашының басы иіліңкі, қалған бөлігі түзу болады. Табан ағашқа деңгейлес түзу екі ағаш оған қатарласа үстінен келетіндей етіп, арасына бірнеше тіреу ағаш салып бекітіледі. Дайын болған екі табанның арасы көлденең ағаштармен «тұсаулап» ұстатылады. Үстінен шабақ ағаштар бекітіледі. Табан ағаш тез тозбас үшін темірмен қапталады. Сондай-ақ құрама ағаштардың беріктігін арттыру үшін әртүрлі қосалқы темірлермен бекітіледі. Ат шананың атқа жегілуі арба жегумен бірдей. Ат шана жасалу ерекшелігіне, пайдаланылуына қарай ағаш шана, темір шана, жайдақ шана (жайпақ шана), қос аттық шана, бір аттық шана, күймелі шана, қалқанды (қанатты) шана және т.б. деген түрлерге бөлінеді. Дегенмен кейінгі уакытта бұндай шана түрлері әртүрлі темірлерді дәнекерлеу арқылы да жасалады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақтал ау''' қазақ ұғымында құтпан малды аталық қуатынан қан шығармай айыру, яғни пішу тәсілі. Малдың аталық қуатынан айыратын ақтау тәсілінің тарту, жаншу, мыту, біздеу деген түрлері бар. Бұлар да өз кезегінде бірнеше түрге бөлінеді. Тарту қозы, лақты пішудің қан шығармай жасалады, яғни ұманың сыртынан ұрықтүтігін тартып үзеді. Қозы-лақты пішуге өте ыңғайлы болғанымен, бұл тәсілді ірі малға қолдану қиынға соғады. Аталық енінің бауын (ұрық түтігін) саусақпен ілмектеп тарту немесе қысқышпен жаншығаннан соң 30-45 күн бойы без құрамындағы гормондар мен биологиялық белсенді заттар төлдің денесіне сіңіп биоактивизатор міндетін атқарады, яғни жас организмнің өсімін жеделдететін маңызы бар, дейді зерттеуші Ш.Әлғалиүлы. Біздеу қан шығармай жасалатын пішу, яғни ақталаудың бір тәсілі. XIX ғ.-дың 20-30 жылдары қазақтар бұқаны «біздеу» тәсілімен ақтаған. Яғни кәдімгі бізді 20-30 мәрте пісіп, уызын (ұрығын) ағызған. Алайда, бұл аса дөрекі тәсіл және оның машақаты да көп болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақторық''' патшалық Ресей кезінде Ертіс жағалауындағы әскерилер есебіне берілген жерлеріндегі қазақтар жалға алып пайдаланатын жайылым атауы. Ақторық үшін қазақ ауылдары түтін басына 40-50 тиын мөлшерінде салым төлеп тұрған. Ақторықты қазақтар көктеу-күздеу үшін пайдаланды. Көптеген ауылдар өз жайлауларына жету үшін әскерилер жерлерінен кесіп өтуге мәжбүр болды. Әскерилер жеріне күндіз тоқтап дем алғаны үшін 20 тиыннан алым төлеп отырған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақтұйғын''' қаршыға тұқымдастарына жататын жыртқыш құстардың ішіндегі ең қыран құс. Негізігі аты тұйғын, қазақ құсбегілері түсінің аппақ болып бітуіне орай көбінесе "ақтұйғын" деп атайды. Оның жоны ақ, дене бітімі жұп-жұмыр болып келеді. Қазақстанның шөлейт өлкелерінен басқа өңірлерде сирек те болса кездеседі. оңға == Сипаты == Тұйғынның қаршығадан түр-түсінің өзгешелігі болмаса, қанат құйрығының жаратылысы мен сүйек бітімінде айырмашылық шамалы. Алайда, қазақ құсбегілерінің арасында қаршығадан гөрі тұйғын көбірек қадірленеді. Ол қаршығаға қарағанда шалымды келеді. Егер қаршыға мен тұйғынды құсқа қатар жіберсе, қаршыға жер ортаға жеткенше тұйғын нысана еткен құсын бір түйіп үлгереді. Тағы бір ерекшелігі сырт тұлғасы дөңгелектеу және қаршығадан кішілеу, сүйкімділеу болды. Ұясын биік жарқабақтарға, жақпар тас кемерлеріне, ағаш басына салады. Кейде әлі жететін құстардың ұясын да пайдаланады. Көп ретте үш жұмыртқа салып, 28-30 күн дегенде басып шығарады. Салмағы 500-1090 грамм шамасында. Жақсы бап көрген тұйғын үйрек, қаз сияқты құстардан бастап, қарсақ, түлкі, қоян сияқты аңдарды да алады. == Түрлері == Құсбегілер тұйғынды сырт бітіміне орай, түр-түсіне қарай өз ішінде саралап, үш түрге бөліп атайды: тұйғынның сырт жүні мұнтаздай таза, күмістей ақ болса, оны "ақтұнжыр" деп атайды; тұйғынның жоны болмашы қоңырайып, сұрғылт тартып тұратын болады. Оны сонысы үшін "кір тұйғын" дейді; жонынан бастап бой жүніне дейін сұрғылт түс дендеген жоны қоңыр көкшіл тартқан тұйғынды "құл тұйғын" дейді. Осылайша үш түрге бөліп атағанымен, бұл үшеуінің де сыртқы түсінің айырмашылығы болмаса, қырандық қарымында, сүйек бітімінде де, мінезінде де айырмашылық болмайды. Тұйғын қазақ даласында сирек кездескендікте бұл үш түрінің қайсысы қолға түссе қадірі қаршығадан кем түсепеген. == Дереккөздер == |
'''Тастөбе''' сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: == Елді мекен == Тастөбе Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл. Тастөбе Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл, Тастөбе ауылдық округі орталығы. == Көне қалалар == Тастөбе Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Тастөбе ауылының маңындағы көне қала орыны. Тастөбе Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ақшолақ темір жол бекеті маңындағы көне қорған. Тастөбе Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ынталы ауылы маңындағы көне қала орыны. == Басқа == Тастөбе шайқасы Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің ақырғы шайқасы өткен жер. |
'''Ақтық дем''' қазақ түсінігінде адамның жан тапсыpap алдындағы соңғы демі, соңғы тынысы, кеудеден жаны шығар сәт. Ол қазақ түсінігінде сондай ыстық, ірі, күшті болып кеудені керіп шығатын тыныс. Ақтық дем үстіндегі адамның айтқан тілегі бұлжытпай орындалуға тиіс. Адамның ақтық демі шьққан кезде иман айтып, кәлима оқылады, қол-аяғын түзеп, сіресіп бүгіліп қалмауын қадағалайды. Көз жұмып, иек қаққан соң адамның бой кіретін алдырып, ақ таза киіз төселіп, кеудесіне қара тас қойылады. ''«Кеудеңді қара тac басқыр!»'' деген қарғыс сөз осы жосынға байланысты қалыптасса керек. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ата жау''' дәстүрлі ортадағы әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірінде орын алған қайшылықтар барысында пайда болып, кейінгі ұрпаққа жалғасқан өшпенділік, кегі бар, жау дұшпан саналған адамдар. Бұл құбылыс бір-бір әлеуметтік топқа жататын адамдар арасында және билеуші мен бұқара халық арасында орын алды. Дәстүрлі ортадағы құндылықтардың қожырап, ел мүддесі сын тезіне түскен кезден бастап ағайындар арасынан жауласу epic ала бастады. Мысал ретінде Махамбеттің төмендегі әйгілі жыр жолдарын келтіруге болады: ''Хан баласы ақсүйек, ''Ежелден табан аңдысқан. ''Ата дұшпан сен едің, ''Ата жауың мен едім... Ақ патшаның жер реформасынан кейін жер-судан алшақтатылған қазақтар арасында кек қуу, жауласу көрінісі басқаша реңге көшті. Дәстүрлі құқық мен билік орнына аға сұлтандық және билер соты жүйесі енгеннен кейін бұл құбылыс үйреншікті көрініске айналды. Мұны орыс отаршылдығының салдары деуге болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақтық қою''' қазақтың дәстүрлі өлік жөнелту, аза тұту салтында орын алатын рәсім мата түрінде үлестірілетін кәде. Дүниеден озған адамның жылдығын бсрген кезде өлікке арнап сойған аттың басын бөлшектемей, сындырмай бүтіндей асып үлкен табақпен тартқан кезде, сүйектің үстіне «ақтық» деп аталатын ақ мата қояды. Омы аят оқыған адамға береді. Бұл ғұрып әсіресе, Алтай қазақтарында таралған жергілікті ерекшелік. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ата жолы''' қазақтың өлікті жөнелту ғұрпында орын алған рәсім, жерлеуге қатысушы ру өкілдеріне немесе үш жүздің үш өкіліне бір-бірден шапан үлестірілу дәстүрінің атауы. Жетісу қазақтарында бұл рәсім марқұмның отбасының жағдайына байланысты шапан, кездеме мата түрінде немесе әртүрлі заттар таратумен атқарылды. Бүгінгі күнде ата жолы рәсімі қазақ ауылдарында әлі де болса сақталған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақтылы қой, алалы жылқы''' қазақы салтанат пен байлықты бейнелейтін метафоралық образ, дәстүрлі ұғым. Шұрқырап жатқан бір жылқы Тоғай сайын мың жылқы, Есебі жоқ көп жылқы Жиделі Байсын даласы. Өз алдына бір бөлек, Торысы мен қарасы. Аңдай болып көрінген, Бозысы мен аласы, деп келетін өлең жолдары қазақы ортадағы байлық жөніндегі дәстүрлі ұғымды метафоралық образбен шебер бейнелейді. Расында да, төрт түліктің ішіндегі қазақтың ең ардақ тұтары қой мен жылқы. Мыңғырған қой, үйір-үйір жылқы байлықтың да, бақ-дәулеттің де символы. Ақтылы қой, алалы жылқы деген фразеологизм осындай молшылықтың, мамыражай тоқ тіршіліктің метафоралық образы. Ақтылы қой сөз тіркесі мол байлыққа байланысты әсіресе, көп қолданылатын фразеологизм. Ол көбінесе, жеке адамның байлығын ғана емес, бүтін бір әулеттің дэулетін, яғни мыңғырған қойлы ауыл дегенді білдіреді. Қазақы ортада бай адамдар жылқы түлігін әдетте құла, торы, жирен, боз және т.б. деген сияқты түр-түсіне карай жеке-жеке үйірге боліп бағатын. Алалы жылқы деген сөз тіркесі осы көріністі бейнелейді. ''«Қара көктен екі үйір, теңбіл көктен үш үйір, бір үйір боз, бес үйір құла»'' деген сөз тіркестері де байлықтың салтанаты болып табылатын осындай көрініске байланысты қалыптасса керек. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ата сақал''' ер адамның астыңғы иегінің ортасындагы түк. Дәстүрлі ортада орта жастан асқан ер адамга ата сақалын өсіруіне рұқсат етіледі. Ата сақал қоятын адам өзінің жолы мен жасы үлкен жақындарының келісімін алады. Яғни ата сақал аузына түскен деген сөз орамы қазақы ортадағы қалыптасқан, жас ортасына жетіп, ақыл-ойы кемеліне жеткен шақты білдіретін ұғым ретінде сақталған. Істің жөнін, мән-жайын білмейтін жасы үлкен ер адамның қателігін бетіне басқанда «Ата сақалы аузыңа түскеніне неге білмедің?» деп келетін кінәлаудың дағдылы үрдісі осыған байланысты қалыптасқан. Қазақы ортадағы мұсылмандықта ата сақал қойған адам мұрттың ортасы суағары ашық қалдыруы тиіс. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ата-баба''' санатының қазақ этносының дәстүрлі төрт деңгейіне сәйкес төрт түрлі мағынасы бар. Бірінші мағынасы жеті аталық ру-қауым деңгейінде жеті буын рулық-туыстық қатынастар жүйесіне кіретін барлық руластардың ортақ ата тегінің, яғни жетінші атаның атауы. Алайда, бұл ұғым кейде жеті атадан тарайтын бақилық болған ұрпақтардың жалпы атауы ретінде де қолданылды. Екіншісі туыстық-рулық қатынастардың іргелі принциптері мен нормалары бойынша белгілі бір тайпалық құрылымға кіретін жеті аталық рулардың ортақ ата тектерінің атауы. Үшіншісі әрбір жүздің ата тектерінің атауы. Төртіншісі қазақтардың (этнос ретіндегі) ортақ ата тектерінің атауы ретінде қолданылды. Ата-баба көшпелі этностағы көбінесе информациялық идеологиялық сипатты болып келетін вертикалды байланысты қамтамасыз ететін пәрменді институт болды. Сонымен бірге, бұл институт бүкіл этностың ауқымында ру-қауымаралық байланыстарды, ру-қауымаралық байланыстар арқылы ішкі тайпалық және тайпааралық байланыстарды, осы байланыстар арқылы жүздік және жүзаралық байланыстарды, яғни жалпы этникалық байланыстарды қамтамасыз ететін әлеуеттік күшке айналды. Аталмыш ішкі этникалық байланыстардың (горизонтальды) қажетті информациялық өрісі, тығыздыгы мен динамикасы сан алуан шежірелік аңыздар, мифтермен, сондай-ақ, жеті аталық экзогамиялық отбасылық некелік қатынастар, ру-қауымаралық, тайпааралық, жүзаралық ұйымдастыру, басқару және реттеу институттары арқылы қамтамасыз етіліп отырды. Информациялық байланыс () пен информациялық өріс () мәні және олардың функциялары жөнінде мына еңбекте зерттелінеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақтігер''' үш-төрт қанатты, екі үзікпен жабылатын киіз үйдің шағын түрі. Осы үй туралы: Арғымақ ару аттар сескенсе, Ақтігердің қарсы алдында жусар ма? Ойда қазақ көп жортса, белдерін Күміспенен құрсар ма? деп ертедегі ақын-жыраулар шығармаларында (Шалкиіз жырау) айтылады. Ақтігер үйді алыс жайылымда, көш жолдарында немесе жорықта пайдаланды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақшелектің майына шақыру''' түйенің тоқпан жілігінен түсетін майлы кәделі асқа шақыру. Бұл кәделі астың түріне жатады, әрі ең сыйлы адамның алдына тарту етеді. Ақшелектің майына шақыру салты Қазақстанның батыс өлкесінде осы кезге дейін жақсы сақталған. Түйенің ақшелегіне жерік болған әйелдер жүректі ұл, қол бастайтын батыр туады дейтін ел арасында ырым бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ата-баба жолы''' қазақтың дәстүрлі дүниетанымында ата-баба жолы көшпелілердің ежелден орныққан өмір салты, оның ілкімді принциптері мен нормаларының бірегей жүйесі. Ата-баба жолының когнитивтік бейнесі немесе кеңістіктік образ-моделі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман». Яғни «ақ түйенің қарны жарылған» дейтіндей молшылық заман. Сондықтан да адам баласының тіршілік атаулысының ішіндегі жанға жайлысы. Демек, үлгілісі. Осынау «дәулеті асқан, бағы жанған, бақыт қонған» заманның ең басты жасампаз күші, әрине, Өйткені олар тәңірі жарылқағандар, аруақ қолдағандар (аруақтылар). Бүгінгі тіршіліктің де баянды болуы осынау ұлы дәстүр бабалар дәстүрі ата-баба жолын ұстануда жатыр, дегенге саяды әр нұсқалық шежірелік сентенцияның түпкі мәні. Осы себепті көшпелі өмір салтын кешкен жан үшін өткен уақыт, бұрынғы заман, баяғы, бүгінгі заман, қазір ұғымдарының мән-мағынасы ата-баба жолы санатымен байланысты ғана айқындалады. Яғни олар салыстырмалы мәнді санаттар ғана. Ата-баба жолының пайда болған мерзімін ешкім дөп басып айта алмайтын, баяғыда орныққан, еш өзгермеген, яғни мәңгі жасап келе жатқан және мәңгі жасай беретін те. Көшпелілер ұғымында бұл абсолюттік ақиқат. Және осы абсолюттік ақиқаттың қашан дәл уақытын анықтауға ешкім мұқтаж болған жоқ. Өйткені, көшпелілердің қазіргі тыныс-тіршілігі өткендегінің жалғасы ғана емес, ең алдымен мәңгі жасампаз өткендегінің уақыт пен кеңістікті көктей өтіп жеткен бүгінгісі. Ал, болашақ көшпелі ортада қалыптасқан түсінік бойынша, мәңгі үлгі тұтар, сондықтан да өзгеруге тиісті емес, әлгі өткендегінің алдағы сан ұрпақтардың тіршілігіндегі бола беретін және бола беруге тиісті мәңгілік шеруі. Сонымен, дәстүрлі түсінік бойынша, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» адамдардың арасындағы, һәм адам мен табиғаттың арасындагы үйлесімділікті қамтамасыз еткен ата-баба жолы олардың мамыражай тоқ тіршілігінің себебі де, салдары да ата-баба жолы болды. Ата-баба жолын ұстанудың идеологиялық және тарихнамалық негізі шежірелік дәстүр болды. Шежіренің осы екі мақсатқа негізделуінің себебі де осында. Бір жағынан (тарихнамалық), шежіре осынау мамыражай тоқ тіршіліктің бүгіндері бақилық болған жасампаз күші- ата-бабаның ерлік істері мен ұлы өсиеттерін дәріптеді. Екінші жағынан (идеологиялық), ата-бабаның аруағын үнемі құрметтеу жосынының бұлжымас ұстаным екендігін негіздеді. Түптеп келгенде, көшпелі ортадагы қоғамдық қатынастар жүйесінің барлық салалары мен барлық деңгейлерін реттейтін ілкімді нормалардан, принциптерден, басқару тетіктерінен және сан алуан ғұрыптар мен салттардан, ырымдардан тұратын қатынастардың негізгі функциясы ежелден қалыптасқан әлеуметтік тәртіптің, яғни «ата-баба жолының» қатаң сақталуын қамтамасыз ету болды. Тіпті, көшпелілердің тіршілік циклінде атқарылатын сан алуан салттардан, ғұрыптардан, ырымдар мен бастап, әр түрлі әсіресе, аруақтарга тәу етудің түпкі мәні, леймотиві өткендегіні дәріптеуге, сол арқылы өткендегінің өзгермей «аруақ қолдаган» бүгінгісін әспеттеуге саяды. Дәстүрлі әлеуметтік ортадағы тұлганың пайымдауынша, көсегесі көгерген өткендегі, яғни «ата- бабалар жолы» деп аталатын ұлы дәстүр қай кезеңде ғұмыр кешкен ұрпақ болсын қасиетті үлгі-ұстаным болды. Өйткені, «ата-бабалар жолын» айрықша қастерлеу әрі қатаң ұстану ғана көшпелі қауым-социумның ежелден үйреншікті өмір салтын ілкі қалпында сақтаудың басым кепілі еді. Демек, көшпелілер үшін осы ұстаныммен жүру ең ұлы мұрат болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Тастөбе қорғаны''' б.з.б. ғ-лар ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақшолақ бекетінен оңт-ке қарай 5,5 км жерде орналасқан. 1940 ж. Геромин Пацевич, 1946 48 ж. Н.Ф. Федин зерттеген. Сыртқы көрінісі төрт бұрышты, аумағы 45 м, биіктігі жер дуалмен қоршалған. Оңтүстігінде үш мұнараның орны сақталған, биіктігі м. Қазба барысында керсендер, күбі көзелер, жайпақ табақтар, тостағанға ұқсас ыдыстар, мойны тар құмандар табылған. Тұрғындары негізінен мал ш-мен, егіншілікпен айналысқан. ==Дереккөздер== Санат:Қазақстан көне қалалары Санат:Жамбыл облысы қоныстары |
'''Ақшом''' астық алып қайту үшін алые сапар шегетін түйелі керуен. Қазан төңкерісіне дейін, әсіресе, XIX ғасырда көшпелілер арнайы шыққан түйе керуендерін күтіп отырмай, күзгі астық бастыру кезінде алдын ала жасалған келісім бойынша егіншілерге жалданып жұмыс істейтін. Ақысына астық алатын. Сондай-ақ, малдарын астыққа айырбастайтын. Сөйтіп, түйелеріне астық теңдеп қайтатын. Ақшом деп аталуы ең алдымен түйеге астық арту үшін арнайы жасалған шом деп аталатын құрылғыға байланысты болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақы киім''' өлікті жөнелту ғұрпында үлестірілетін кәде киімі. Ақы киімін арулауға, яғни мәйітті жууға қатысқан үш адамға беріледі: басына түскенге тымақ, ортасына түсушіге белбеу, аяқ жағына түсушіге етік беріп, әр қайсысына сырт киімдік пұл немесе дайын шапан, жейде (ақтық пұл) қосады. Төртінші адам мәйітке су құйып берген адамға бір шаршы ақтық беріледі. Бесінші еліктің ақы иесі, яғни жақын жанашыры болғандықтан оған Ақы киім де, ештеңе де берілмейді. Киім әдетте өліктің жетісіне арналған науқанда аят оқылып таратылады. Қазақы ортада қалыптасқан салт бойынша, ақы киімін марқұмның артындағылар дән-дәулеті мен ауқатына қарай берген: қарапайым матадан қымбат кездемеге дейін немесе көн етік былғары, әміркен етіктер де берілген. Алайда, өлік үшін сауапты болады деп ысырапшылықка ұрынуға жол берілмеген. Мүмкіндігіне қарай дайын киім немесе киімдік материалды (тыстық және іштік мата) немесе киімнің құнына татитын мал, мүлік немссе ақша ақы киім ретінде үлестірілген. Ертеден келе жатқана киімі берілмесе, марқұмның мойынына қарыз болып кетеді деп сенген және ондай қарыз адамды тозақ отына түсуіне себепкер болады деп түсінген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Ислам ғылымы |
'''Ақық тас''' қымбат тас, жалтылдап тұратын, түсі әр түрлі (қызғылт күлгін, қызыл, күреңқызыл) түсті асыл тас. Бұл бағалы таспен ақық көзді қапсырма, ақық моншак, ақықтан көзі бар сырға т.б. зергерлік әшекей бұйымдар жасалады. Ақықтың түсі қоңыр қызыл немесе ақ пен қоңыр қызыл түстердің кезектесіп түсетін жолақты, ал кейбіреуінің түсі ақшыл болады (орыс тіліндегі агат, сердолик, халцедон деп аталатын тастардың баламасы ретінде қолданылады). Ақықтан моншақ тізіледі, онымен зергерлік бұйымдар мен ер-тұрман сияқты ат жабдықтары әшекейленеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақыле''' саят құстарында кездесетін буын құрт ауруы. Ақыле болған құстың аяғы мен жіліншіктері немесе саусақтағы буындары ісіп кетеді. Қатты ауырсынған құс жүдеп кетеді. Бұл құрт ауруы асқынғанда кеудеге шауып кетеді. Ақыле болған кұстың іскен аяғын жылы сумен жуып, имиынды қою қылып езіп, іскен жеріне жағады. Үш-төрт күннен кейін қайта жағу керек. Екі жұмадай бақылап, ыстығы басылып, ісігі қайтатын болса, алмасты қайрақка сеіп жағу керек. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақым''' мәйітті жерлейтін көрдің қуысы. Ақым шығару үшін алдымен кіндікке дейін тік қазады да, кейіннен жанынан жармалап қазады. Жетісу қазақтарында катакомбы қабір көп тараған, ол үш әлементтен: құдық, өтпелі қуыс және жерлеу камерасы ақымнан тұрады. Құдығы төртбұрышты ұзындығы шамамен 1,5x2,30 м, (ұзындығы жағынан солтүстіктен оңтүстікке), тереңдігі 1,5 болып келеді. Қабірдің тереңдігі әйел адам үшін кеудеге дейін, ал ер адамдікі белге дейін қазылады. Ақым көбінесе жср қыртысының жынысына (сары, қара топырақты, тасты), бедеріне (жазық, көлбеу немесе беткей) байланысты қазылады. Әлбетте ақымдау үшін жер керіш болуы керек. Неғұрлым құдығы тереңірек қазылса, ақымы да соғұрлым терең болады. Бұл жерленген адам ақымының төбесі түспей, ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді дегі санайды. Кейбір жерлерде жер асты сулары жақын псмесе тастақ болып келетіндіктен құдығы лоне ақымы таяз жасалады. Халық арасында өліктің жатқан жері жайлы, топырағының жұмсақ болуына да айырықша мән беруі, жерлеп болғаннан кейінгі «оның» жағдайын ойлағандығы болса керек. Кейбір өлкелердің жер жағдайы ақымдап қоюға келмейді. Құдықтың батысында жарты шеңбер тәрізді сатысы немесе еңістеу етіп жасалған өтпелі қуыс болады, ол құдықтың белдеуіне параллель орнатылған күмбез сияқты ақымға ұштасады. Кей жерлерде ыңғайлы болу үшін құдықтың батыс қабырғасын ала терең емес шұңқыр қазылады (саты болмайды). Ақым отырған адамның басы төбеге тимейтіндей етіп жасалады. Бұл конструкция көбінесе қатты топырақты жерлерде жасалатын болған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ақымар''' шариғат бойынша ерлі-зайыптылар ажырасқан әйелдің пайдасына бөлінетін мал-мүлік, өзі күнделікті өмірде пайдаланған тұрмыстық заттары, яғни әйелдің еншісі. Ақымар малдай, жылжымайтын мүлік немесе ақша түрінде де берілген. Күйеу ақымарды өзінің дүние-мүлкінен басқасын халықтың алдында жазылған тізімсіз бөліп берген. Күйеуі өлген жесір әйел, күйеуінің туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болса, мұрагер ақымар орнын алмастыратын басқа нәрсе сыйға берілген және егер күйеуі мен әйелінің арасы мүлдем ушығып кетсе, ол жас әйел алып, бұрынғы әйеліне ақымарымен қоса, баласына енші ретінде үстеме дүние-мүлік беріп, өзінің жанына немесе ағайын-туысының маңына бөлек шығарған. Ал, әйел төркін жағына кеткісі келсе рұқсат берілген, яғни ерікті болған. Сондай-ақ, халық алдында мүлікті бөліскенде әйел қолхат алмайды. Бұл әйелдің отбасылық құкығын материалдық қолдау болып саналған. == Дереккөздер == Санат:Шариғат Санат:Құқық |
'''Ақыр''' малды бордақылауға, суаруға, жем-шөп беруге қолданылатын іші шұңғыл ыдыс. Оны астауға ұқсас етіп тақтайдан қиюластырып жасайды. Ақыр шөптің, жемнің шашылмауына себін тигізеді. Көлемі жем-шөп берілетін малдың байланысты болады: сиыр мен жылқының ақыры үлкен әрі бойлары еркін жететін қалыпта биіктеу орнатылса, қойдың ақыры да өз бойына шақ аласалау қойылады. Кей жерде ақырды шабыра, оқыра деп атайды да оны жем шабыра, шөп шабыра деп екіге бөледі. Жем шабыра немесе жем ақыр тақтайдан шауып жасалады, ал шөп шабыра шыбықтан тоқылады. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларында «Ат байлаган ақыр тac, Арқаға біткен қолаңшаш» (Қыз Жібек эпосы) деген жолдарда кездесетін астауша тәрізді түрлері болған. Әулиета өңіріндегі Ақыртас ескерткіші (тарихтағы Талас шайқасына дейін салына басталған) үлкен тас қамалды салу (оны ғибадатхана, керуенсарай деп те пайымдайды) үшін тас блоктарды ішін қуыстап, науашаға ұқсатып жасаған. Кейін, бұл тас блоктардың пішінінің ақырга ұқсастығына карай осылай аталған тәрізді. Шынымен-ақ, қоңырқошқыл түсті кұмтас үлкен тастан ойып жасалған үлкен тас астауларға ұқсайтын блок ақырлар делінеді. Сондай-ақ, кез келген өңірлерде әулие жерде, арасан басында су жиналатын ыдыс түріндегі ағаштан, тастан жасалған ақырлар көптеп ұшырасады. Ондай ақырлардың түбінде тазалап тұруға арналған тесігі бар, ол ағаш тығынмен бекітіледі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |